Деструктивті идеологияның қалыптасуы
Деструктивті идеология дегеніміз – латын тілінен аударғанда «бүлдіргіштік», «залал тигізу» деген мағынаны береді. Яғни, деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарына залал тигізетін, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, теріс жолға үгіттейтін ағымдар. Олардың сипаты – діни ілімінің ақиқататтылығынан ауытқып, терістейді, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан білеміз.
Мұндай ұйымдар адамның жеке шекарасынан өтіп, ең әлсіз тұсын анықтау арқылы заңсыз қоқаң-лоққы көрсете отырып, жалған діннің жетегіне түсіріп өз мақсаттары үшін пайдаланады.
Идеологияның таралуына күнделікті пайдаланып жүрген әлеуметтік желілер орасан зор әсерін тигізуде. Атап айтсақ, инстаграм, тикток, вконтакте т.б. ХХІ ғасырдың басында дүниежүзілік интернет желісі экстремистік және террористік ұйымдардың ақпараттық қызметінің негізгі алаңына айналды. Осыдан-ақ экстермистік топтардың үлкен мүмкіндіктерге ие екендігін байқауға болады. Біршама социологиялық статистикалардың нәтижелеріне сүйенсек, жастардың 70 %-ға жуығы өздерінің алғашқы діни сауаттарын әлеуметтік желі арқылы алатыны анықталған. Деструктивті діни ағымның жетегіне кететіндердің 88%-на осы әлеуметтік желі тікелей әсер етіп отыр.
Деструктивті діни ұйымдар – бұл адамның ерік-жігерін басу және оның ойларын, сезімдері мен мінез-құлқын бақылау мақсатында сананы манипуляциялау (сананы бақылау) деп аталатын арнайы психологиялық әдістер кешені қолданылатын топтар.
Оларға тән ерекшелік: агрессивті әрекет стилі. Негізінен олардың желісіне жастар түседі және аз уақыт ішінде олардың салты мен мінез-құлқын өзгертеді: оқуды, жұмысты тастап, ата-анасына қарсы шығады, бұрынғы қызығушылықтарын жоғалтады, жалғыз діни өмірге толығымен беріледі.
Әдетте, қатысу кезеңінің өзінің этаптары болады:
- Адам топтың жылы атмосферасына кіреді, ол қамқорлық пен ілтипатпен қоршалған. Ол өзінің маңыздылығын сезінеді.
- Болашақ адептті бұрынғы өмір салтынан, шешім қабылдау ерігінен айыра бастайды.
- Ұйымды сынайтындарды барлығы теріс болып көрсетіледі, сырттан келетін ақпараттың барлығы күдікті деп есептеледі.
- Соңғы этапта адам толығымен ұйымға тәуелді болады. Ескі достары енді жоқ, отбасылық байланыстар үзілген немесе жанжалға дейін шиеленіскен.
Мұндай ұйымдардағы адамға әсер ету әдістері мұқият пысықталған, толық және тұрақты бақылауды орнатуға, жеке тұлғаны басуға бағытталған.
Жоғарыда көрсетілген әрекеттердің алдын алу үшін, Қазақстанда деструктивті діни ағымдарға қарсы күресте әр қоғам мүшесі мен мемлекет өз алдында тұрған әлеуметтік жауапкершілікті ұғына алуы тиіс.
Салимов Избасар Ермекович
“Интернет ресурстары және әлеуметтік желілерді зерделеу” бөлімінің басшысы