Жаңалықтар

Деструктивтi ағымдар – қоғамның дертi

Жастарды жат діни ағымдардан сақтандыру, отбасылық дәстүрлі құндылықтарды насихаттау мақсатында Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен Мақат ауданының белсенді жастарымен кездесу өтті. 

               Кездесуде облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы А.Бақтығалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Сарбасов, психолог-практик, «Психоаналитикалық психотерапия қауымдастығы» және «Кәсіби психологиялық лигасы» кәсіби мекемелерінің маманы М.Букашова, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы М.Омаров тақырып аясында сөз сөйлеп, дәстүрлі діннің құндылықтарына кеңінен тоқталды. 

          «Шапағат» қоғамдық қорының теологы М.Омаров тарихтың тереңіне бойлап, адам баласының дінсіз өмір сүре алмайтындығын алға тартты. Сондай-ақ, дәстүрлі дінді насихаттай келе, қатысушыларға дәстүрлі емес діни ағымдардың сенімдері мен сипаттарын түсіндіріп, қазақ жеріне исламның таралуы жөнінде ақпарат берді. 

          Шара соңы қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға ұласып, толыққанды жауаптарын алды.

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля