Жаңалықтар

Дін мәселелеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы жиын өтті

Атырау облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 12 ақпанында Облыс әкімдігінің мәжіліс залында дін мәселелеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәжіліс болып өтті.

Жиынға Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Д.Курунбаева, басқарма және департамент басшылары және мамандары қатынасты.

Жиында сөз алған басқарма басшысы Қ.Көшқалиев Атырау облысы Дін істері басқармасы заңға қайшы идеяларды, оның ішінде дінаралық және ұлтаралық араздықты қоздыруға діни экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттауға бағытталған материалдардың таралуына жол бермеу, дін саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында БАҚ және интернет-ресурстарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырғанын жеткізді.

Алайда, әлеуметтік желілерге түрлі діни тақырыптардағы материалдарды тарату фактілері орын алып отыр. Осыған орай, жиын барысында мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі парақшаларына діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды жарияламау керектігі түсіндірілді.

Басқарманың бас маманы, заңгер Е.Ерғалиевтің айтуынша, 2019 жылы 4000-нан астам аккаунт қаралып, соның ішінде 301 деструктивті діни бағытында екені анықталып, 183 аккаунт діни сараптамадан өткен, 33 тұлғаға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 453-бабының 2-тармағы бойынша айыппұл салынған.

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля