Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі 2021-2023 жж. арналған кешенді жоспардың нәтижесі
Елдегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 953 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспар» аясында жүзеге асырылуда.
Кешенді жоспар аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен (2021 жылғы 28 қараша № 384) «Қоғамда дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру мен ілгерілетуге, зайырлы мемлекеттің құндылықтары мен қағидаттарын құрметтеуге бағытталған іс-шаралардың Жалпыұлттық оқиғалық кестесі» бекітіліп, оны орталық және жергілікті деңгейлерде іске асыру қамтамасыз етілуде.
Сонымен бірге дін саласындағы мемлекеттік саясатты, мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастарды одан әрі дамыту бойынша тиімді шараларды зерделеу және әзірлеу мақсатында Министрліктің Дін істері комитетінің тапсырысы бойынша жыл сайын «Қазақстан халқының дін саласындағы мемлекеттік саясатын бағалау» тақырыбына әлеуметтанулық зерттеу жүргізіледі.
2021 жылы Министрліктің тапсырысы бойынша әлеуметтанулық зерттеу жүргізілді, респонденттердің саны 6000 адам (тоқсан сайын 2000 адам).
Төрт тоқсан бойынша әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері келесідей:
«Дін саласындағы мемлекеттік саясатты қолдау» – 88,0% құрады. «Сіз Қазақстан зайырлы мемлекет екенін қалай түсінесіз» – 61,9% оң жауап берді.
Сондай-ақ, «Сіздің ойыңызша, мемлекеттік органдар діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша түсіндіру және ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жеткілікті деңгейде жүргізіп жатыр ма?» деген сұраққа респонденттердің 76,3%-ы оң жауап берді.
Жүргізілген зерттеу дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жетілдіру үшін практикалық ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Есептік кезеңде елімізде 18 конфессияның 3851 діни бірлестігі ресми тіркеліп, өз қызметін жүзеге асыруда (2714 – ислам, 345 – православ, 88 – католик, 590 – протестант, 60 – Ехоба куәгерлері, 24 – Жаңаапостол шіркеуі, 12 – Кришна санасы қоғамы, 7– иудей, 6– бахаи, 2 – буддизм, 2 – Иса Мәсіхтің соңғы күнгі әулиелер шіркеуі (мормондар), 1 – муниттер).
3617 ғибадат үйі қызмет атқарады (2714 – мешіт, 303 – православ ғибадатханасы, 109 – католик шіркеуі, 399 – протестанттық ғибадатхана үйі, 57 – Ехоба куәгерлерінің ғибадатхана үйі, 24 – Жаңаапостол ғибадатхана шіркеулері, 6 – синагога, 2 – Бахаи ғибадатхана үйі, 2 – «Кришна санасы қоғамы» ДБ ғибадатхана үйі, 1 – буддизм ғибадатханасы.
Қосымша ғибадат үйлерінің құрылысы жүргізілуде (141 мешіт, 4 шіркеу, 9 храм, 1 ғибадатхана үйі қызмет атқарады және 272 намазхана.
Діни әдебиетті және діни мақсаттағы заттарды тарату үшін 234 үй-жай жұмыс істейді.
Ресми түрде 351 миссионер тіркелген, оның ішінде 274 шетелдік, 77 Қазақстан азаматтары (сенім контексінде: католиктер – 235, православтар – 38, Елуінші күндер шіркеуі – 6, Жаңаапостол шіркеуі – 19, Кришна санасы қоғамы – 17, Пресвитериан шіркеуі – 17, баптистер –7, жетінші күн адвентистері – 6, иудаизм діні – 3, лютеран – 1, Ехоба куәгерлері – 2, буддистер – 1).
Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп конфессияаралық келісімді насихаттау, мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын нығайту, діни экстремизмнің таралуының алдын алу бойынша 280 мың дана үлестірме және әдістемелік материал әзірлеуді және шығаруды қамтамасыз етті.
Атап айтқанда «Ата-анаға жадынама», «Деструктивті діни ағымдардан сақ болыңыз!», «Остерегайтесь деструктивных религиозных течений!», «Влияние радикальных религиозных течений», «Вовлечение людей в религиозные организации», «Шынайы салафилікпен дерадикализация мәселелері», «Қазақ даналарының сенімге қатысты (ақидаға) ұстанымдары», «Жамағаттар арасында талас-тартыс тудырған сұрақтарға дәлел-дәйектер», «Вовлечение людей в религиозные организации путем благотворительных акций, обмана», «Деструктивті діни ағымдардан сақ болыңыз!», «Радикалды діни ағымның ықпал ету әсері», «Амал иманның бөлшегі ме?», «Жамағат – Пайғамбардың сүннеті», «Бес қарапайым ереже» және т.б.
Сондай-ақ гранттық қаржыландыру аясында «Каzislam» арнайы исламдық интернет-порталының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асырды. Жобаны іске асыру зайырлы құндылықтарды ілгерілетуге және радикалды діни ағымдардың идеяларын таратуға серпін берді, сондай-ақ халық арасында алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Бүгінгі таңда «Каzislam» интернет-порталында дін саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілетуге бағытталған 2390 материал, оның ішінде 1196 жаңалық, 481 мақала, 241 бейнеролик, 129 сұхбат, 63 инфографика, 42 сауалнама, 236 сұрақ-жауап орналастырылған.
Министрлік жергілікті жерлерде дін мәселелері жөніндегі өңірлік ақпараттық-түсіндіру топтарының (бұдан әрі – АТТ) қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді. Бүгінде өңірлерде дін мәселелері бойынша 232 АТТ қызмет етуде, олардың құрамында 2899 адам бар.
Есептік кезеңде ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен 1,3 млн астам адамды қамти отырып, 31 мыңнан аса түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Жастар арасында 8 мыңнан аса іс-шара өткізіліп, 509 мыңнан астам адам қамтылды.
Сонымен қатар, алдын алу іс-шаралары Интернет желісінде демотиваторларды, әлеуметтік роликтерді, бейнеконференцияларды, онлайн-дәрістерді орналастырумен, сондай-ақ мәдени, спорттық іс-шараларды, ресми және бейресми кездесулерді, азаматтардың атаулы санаттарының өкілдерімен әңгімелесулерді ұйымдастырумен қатар жүрді. Есепті кезеңде (2021 жыл екінші жартыжылдық – 2022 жыл бірінші жартыжылдық) 20414 алдын алу материалы әзірленіп, әртүрлі интернет-алаңдарда 140 мыңға жуық жарияланым орналастырылды.
Бұдан басқа, өңірлерде «Талдамалық интернет-карта» ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, қазақстандық интернет – пайдаланушылармен түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды. Аталған жүйені қолдану кезінде әлеуметтік желілерде деструктивті және радикалды діни насихаттың көздері және олардың Қазақстаннан жазылушылары анықталды. Белгіленген тұлғалармен алдағы уақытта онлайн және оффлайн форматтарда түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі. Анықталған пайдаланушыларды деструктивті идеологиядан арылту мақсатында жергілікті жерлерде олардың оқу/жұмыс/тұрғылықты жері бойынша 9746 сапар, 10966 нүктелік қоңырау ұйымдастырылды, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы 123348 мекенжай хабарламалары жіберілді. Нәтижесінде 80 мыңға жуық адам әлеуметтік желілердегі радикалды топтардан бас тартты.
Министрліктің үйлестіруімен жергілікті атқарушы органдар мемлекеттің зайырлы даму қағидаттарын, конфессияаралық келісімді нығайтуға, халық арасында діни радикализм идеологиясына иммунитет қалыптастыруға бағытталған медиа өнімдерді (фото, бейнематериалдарды) дайындау және ақпараттық кеңістікте ілгерілету жөніндегі жұмысты ұйымдастырды.
Есептік кезеңде (2021 жыл екінші жартыжылдық – 2022 жыл бірінші жартыжылдық) 20414 профилактикалық материал дайындалды, оның ішінде 2366 – бейне, 3120 – фото, 3720 – мәтін, өзге материалдар – 2118. Көрсетілген ақпараттық материалдар БАҚ-та, сондай-ақ әлеуметтік желілерде және басқа да интернет-ресурстарда таратылды.
Мұнымен бірге, 2021 жылы «Мәдениет пен өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, Қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу және насихаттау және мұрағат ісін іске асырудың тиімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде «Өркениеттер қақтығысы және исламдағы диалогтық дискурсы» тақырыбындағы кітап 3000 данада шығарылды.
Еліміздегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету тұрғысынан жоғарыда аталған бағыттар бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп отыратынын атап өтеміз.