Сұрақ-жауап

Дәретсіз Құранды ұстауға және оқуға бола ма?

Дәретсіз болған уақытта Құранға қатысты төмендегі амалдарды жасауға тыйым салынады:

1. Мусхафты ұстау. Алланың елшісі (с.ғ.с): «Таза кісіден басқасы Құранды ұстамасын!» – деген. (Жалалуддин ас-Суютый. «әл-Итқаан фи Улуум әл-Қур’ән», 2/459).

2. Мусхафқа бекіген мұқабаны ұстау. Өйткені, ол оған біріктіре тігілуі арқылы оның ажырамас бөлігі саналады. Оны ұстау Құранды ұстаумен бірдей.

3. Бөлек қолданылатын қаппен ұстауға рұқсат етіледі. Сол секілді мусхаф салынған қапшықты, сөмкені, қолдорбаны, портфельді ұстауға болады.

4. Аяттар жазылған нәрсе, аяттармен безендірілген не нақышталған қабырғаны және жиектемені ұстау.

5. Құран оқығысы келген кісіге қаламмен не соған ұқсас затпен қажетті бетті ашуға рұқсат етіледі.

6. Құран аятын қағазға жазуға тыйым салынбайды.

7. Құранды үстіндегі киімнің жеңімен ұстау үкімі – мәкрүһ тахриман. Ал денеден бөлек матамен ұстауға болады.

8. Тәпсір кітабын, егер көлемі Құран мәтінінен көп болса, ұстауға рұқсат етіледі. Көлемі Құран мәтінінен аз не тең болса, ұстау мәкрүһ саналады.

9. Құраннан басқа шариғи кітаптарды дәретсіз ұстауға тыйым салынбайды, бірақ дәретпен ұсталуы – мустахаб.

10. Мусхаф болсын, сүре не аят жазылған парақ болсын, сәбидің ұстауына рұқсат етіледі. Өйткені шариғат талап еткен дәрет нормасы Құран оқу әдебіне үйрету тұрғысынан ғана болмаса, сәбиге әлі міндетті емес. Сондай-ақ, сәби күнінен Құран оқып үйренуі мен жаттауы – аса қажеттіліктердің бірі.

11. Ұрлатып алудан қорыққан жағдайда ғана болмаса, Құранды жастанып жату – мәкрүһ.

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля