Мақалалар

Елге аман жеткізген екі ауыз сөз

Ес білген шақтан Жеңіс күні жақындағанда үлкендердің: «Елге жете алмай қалған қайран боздақтар-ай, қай топырақта қалдыңдар екен?!» – деп қанды соғыс құрбандарын еске алып отыратынын естуші едік. Сол сұрапыл от жылдар талай жанның өмірін қиды, талайы із-түзсіз жоғалды. Енді бірі қол-аяғын беріп, мүгедек болып елге оралды. Біздің бүгінгі естелігіміз де соғыста ауыр жараланып, қасиетті екі сөздің арқасында туған жерге аман жеткен майдангер туралы хикая. Бұл әңгімені мен Ақмола облысы, Тайтөбе ауылының тумасы Раушан Хамитқызының аузынан естіген болатынмын. Астанадан 25 шақырым жердегі Тайтөбе елді мекенінің күнбатысында Нұра өзенінің жағасында кезінде Алқа-Қарасу атты Бәймен байдың ауылы қоныстаныпты. Олар Бәймен, Бәйет және Сәйет деген үш ағайынды болған. Раушан Хамитқызы да осы тұқымнан тараған ұрпақ. – Ағаларымыздың көпшілігі ұстаздар еді. Бәйет бабаның немересі Хасен Әлиакпаров майданнан жеңіл жарақатпен оралған. Алғашында Петропавлда көп жыл ұстаз болып, кейін Қорғалжын ауданы орталығында ұстаздығын жалғастырды. Зейнетке шыққан соң, Астанаға келіп, 80-нен асып қайтыс болды, – дейді кейіпкеріміз. Оның айтуынша, бірде осы ағасы Петропавлда тұрғанда өзі қатарлас бір майдангермен кездесіп қалады. Өзінің танкист болғанын, бір ауыр шайқаста қатты жараланып, немістерге тұтқынға түскенін айтқан әлгі ардагер мұның Ақмоладан екенін естігенде мына оқиғаны баяндап беріпті: «Германияда госпитальда жатқанда екі аяғы тізеден жоғары кесіліп, екі қолымен жер тіреп жүрген Әбдірахман Қазыкенов деген қазақ болды, – дейді ол. – Біздің армия немістерді жеңіп, 9 мамырда соғыс аяқталды. Сол кезде өз елінің жараланған азаматтарын алып кету үшін ең алғаш болып Түркия мемлекеті келді. 7-8 түріктің дәлізден өткенін көрген Әбдірахман палатаның есігін ашып қойып, әлгі өткен адамдардың жолын тосып отырады. Жаралы жерлестерін аралаған соң, дәлізбен қайтып келе жатқан олардың алдынан шыққан Әбдірахман екі қолын кеудесіне қойып: «Ассалаумағалейкүм», – деп сәлемдесіпті. Екі аяғынан айырылып, жерде домалап жатқан адамға жалт қарасқан түріктер өзара бір нәрсе сөйлеседі. Сөз арасында «мұсылман» деп жатқанын түсіне қалған Әбдірахман: «Лә иләһә иллаллаһ, мұсылманмын», – депті. Сол кезде араларындағы бастығы қолымен ишара жасап: «Мына кісіні де алыңдар», – деп нұсқау беріпті. Сол жерде түріктер госпиталь ашып, ауыр жаралыларды емдеуге қалдырып, қалғандарын өз елдеріне алып кетеді. Сен Ақмоладан болсаң білетін шығарсың, сол Қазыкенов деген азамат елге жетті ме екен?» – деп сұрайды әлгі майдангер. – Хасен ағай Әбдірахман ағаның елге аман келгенін, аяғына протез салып жүргенін айтып береді. Және ол екеуінің жақын туыс болып келетінін, соғыстан оралған соң да ұстаздығын жалғастырып, үйленіп, балалы-шағалы болғанын әңгімелейді. Сонда қызылжарлық ардагер бұл жаңалыққа қатты қуанып, көзіне жас алыпты… «Екі қолымен жер таянып жүргенде, кескен жерлерін дәкемен таңып, сыртынан қап кигізіп қойса да, екі аяқтың орнынан аққан қан еденді жуып жүрген еді. Шіркін-ай, қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі деген осы екен ғой», – деп күңіреніпті майдангер… Жамбыл облысында жыл басынан бері 210 қару тәркіленді 23.05.2023 «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің жаңа ғимараты ашылды 23.05.2023 Олар үш ағайынды болатын, үшеуі де соғысқа қатысады. Үлкен ағасы Хамит Әлиакпаров майданда қаза табады. Одан кейінгісі Мұхамедрахым (Шоқан) Әлиакпаров майданнан өкпесінде снаряд сынығымен оралады. Келгесін ұстаздығын Тайтөбе, Талдыкөл мектептерінде жалғастырып, 1956 жылы қайтыс болды. Ағайынды үшеуінен де ұрпақ бар, – дейді Раушан Хамитқызы. Соғыс ардагері Әбдірахман Қазыкеновтің екі аяқтан айырылып, аса қиын жағдайға ұшыраса да, елге аман-есен жетіп, кейін бақытты ғұмыр кешуіне себепші болған – «Ассалаумағалейкүм» және «Лә иләһә иллаллаһ» деген екі қасиетті сөздің шарапаты десек, қателесе қоймаспыз. Егер ол түрік азаматтарына жолығып қалып, өзінің мұсылман екендігін осы сөздерімен білдірмегенде, жағдайы қандай болар еді, кім білсін… Дүние дидарын қанға бояған фашизмді жеңуге өлшеусіз үлестерін қосқан бұл адамдардың есімі әрдайым халық жадында, ұрпақтарының жүрегінде. Олар қандай қиын-қыстау заман болса да, адамдығынан айнымаған, ардан аттамаған, Құдайын ұмытпаған жандар еді. Қанқұйлы соғыста жеңіске жетіп, кейінгі ұрпақтың бақытты ғұмыр кешуі де осындай мұсылман бабаларымыздың дұға-тілегінің арқасы шығар… Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Елге аман жеткізген екі ауыз сөз | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля