Еліміздегі ең ірі шұжық цехы халал сертификатын алды
Еліміздегі ең ірі кәсіпорындардың бірі – «Беккер и К» шұжық цехы сертификатталды. Қазақстан мұсылмандарын діни басқармасына арнайы келген кәсіпорын директоры Алмас Рахманұлына «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «QMDB Halal» сертификатын табыстады. «Беккер и К» – шұжық, ет, ұн, кондитерлік, аспаздық өнімдер және жартылай фабрикаттар дайындау бойынша еліміздегі жетекші өндіріс орындардың қатарында. 1991 жылы құрылған кәсіпорынның қазіргі таңда Астана, Алматы секілді ірі мегаполистерде 14 супермаркет, сондай-ақ 18 фирмалық дүкендерінен тұратын сауда орындары бар. Аталған кәсіпорында сертификаттау барысында мамандарымыз 9 айға жуық аудит жұмыстарын орындап, дайын өнімдеріне лабораториялық зерттеу жүргізілді. Атқарылған шаралардың оң қорытындысынан кейін сертификат табыстап жөнінде шешім қабылданды», – дейді Айбек Асқарбекұлы. «Беккер и К» кәсіпорнына берілген «QMDB Halal» сертификаты 26.08.2024-25.08.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, А.Розыбакиев көшесі, 95.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Еліміздегі ең ірі шұжық цехы халал сертификатын алды | Қазақстандағы Ислам