Мақалалар

ЕЛІМІЗДІҢ БАТЫС ӨҢІРІНДЕГІ ИСЛАМ ТАРИХЫ

Сөзіміздің басын «дінсіз адам болғанымен, дінсіз қоғам болуы мүмкін емес» деген дінтанушы, теологтар арасындағы таптаурын тіркеспен бастағымыз келеді. Қазақ қоғамы «дін ұстансаң қасиетің, ұстана алмасаң қасіретің» деген екі ауыз аталы сөзбен азуын айға білеген абыздардың абыройын асқатса, атойлап ылаң салған арамза молдаларға да орнын көрсеткен. Тарихымызда ұлтымыздың ұйысуына ұйытқы болған асыл дініміздің дәрежесі лайықты деңгейде дәріптелген дәуірмен қатар, дін атын жамылған жат ағымдардың да, қуыс кеуделерден орын тауып, лас сайлармен жылғалап аққан тұстары да болды. Жетпіс жыл дінсіздендіру қапасынан босап шығып, шекарамыз шегеленген кезде, шеттен дінбұзарлар келіп көңілдерден орын тауып үлгерді. Сан жылдар сәуеттік сарқыншақ бұза алмаған құндылықтарды, сағымдай  сәттерде «Абай адасқан, Шәкәрім шатасқан», «әкең кәпір болды керіс, анаң дінсіз болды тегіс» деген жалаулармен бұза берді.

Басым бөлігі батыс өңірінде ылаң салғаны бар. «Кіші жүзді найза беріп жауға қой» тіркесі өкінішке орай осы орайда да орын тапты. Батырлардың ұрпақтарын әлсіз жерінен ұстап, алғашқыда 1990 жылдары «мұсылман бауырларымызға көмектесейік» деген желеумен Қауқаздағы қақтығыстарға еліте бастады. Кейіннен Солтүстік Қауқаздағы Амир Хаттаб, Шамиль Басаев, Доку Умар және Саид Бурятский бастаған «Имарат Қауқаз», «Уилаят Дағыстан» секілді террористтік топтардың джиһадқа шақырулары да келіп жатты.  Тау халықтарынан шыққан бірнеше уағызшылардың батыс өңірінде жамағаттары түзіле бастады.

Солардың бірі «Бағауиддин жамағаты» атты топ Атырау діндарлары арасынан көрініс таба бастады. «Бағауиддин жамағаты» «Ихуанул муслимин» атты халықаралық саясиланған діни экстремисттік топтың тармағы ретінде таралды десе де болады. Аталмыш топтың негізгі мақсаты мұсылмандардың халифатын құруға басымдылық берді. Осы себептен-ақ олардың арасында әртүрлі топтарды бөліп-жару емес, кез-келген мұсылмандардың басын біріктіру баса назарда тұрды. Ауғаныстан және Вазиристан жерлерінде болған қарулы қақтығыстарға атыраулық азаматтар да қатысты.

Кейіннен «Аюб Астархани жамағаты» тобының да белсенділігі байқала басталды. Еліміздің әртүрлі аймақтарында «братья мусульмане» секілді әртүрлі аттармен тарала бастаған топтармен ұқсап «Аюб жамағаты» тобы да криминалды қылмыстармен көзге түскен болатын. Жамағаттың басым бөлігін көше түсінігіндегі тақырыптарды шешуге ұмтылған жастар қамтыды. Жастар арасында кейбіреулері көше иеархиясында жақсы дәрежеге жету үшін не өзін қауіпсіз сезіну үшін ғана әлеуметтік тобырлық тәуелділікке ілікті.

Қазақстандық радикалды уағызшылардан алғашқылардан болып Абдухалил Абдужаппаров Атырау қаласында дағуат жасаған болатын. Шейх Халилдің «Әт-Тақуа» мешітінде айтқан уағыздары көпке тарала бастады. Тіпті жамағат арасында лекциялары дәптерлерге конспект ретінде жазылып және жатталып жүрді.

Кейіннен «джиһадшыл-тәкфирлер» тобы пайда болып, 2010 жылдары Атырау қаласында үлкен террактілік акттерді жүзеге асырды. Сол жылдары аз уақыттың ішінде өте үлкен көлемде Атырау облысынан 40-тан аса адам экстремизм және терроризм баптарымен де сотталды. Жоғарыдағы аталған топтардың басым бөлігі мемлекеттік саяси жүйелерді «ширк», «тағут» секілді шариғатқа шатақ келетін терминдермен атай бастады.

Олардың ішінде «ат-такфир уәл хиджра» атымен танылған топ өкілдерінің бірқатары Атырау облысынан Еуропаның Чехия, Белгия секілді елдеріне «қасиетті көш» жасады.

Қазақстанда тек Атырау облысында ғана таралған «хаддадилік» жақтастары да көбейе бастады. Аталмыш топ өкілдері мешітке жұма намаздарына бармай, тек өз сенімдерімен бірдей тұлғалармен ғана араласып, басқа жолдағыларға қатқыл қарым-қатынас орнатып, «әл-уәлә уәл-бара», «діндесті дос тұтып, дінсізді жау тұту» принципі қате интерпретацияларға ұшыратып, түсінікті тарылтты. Жоғарыда аталған топтардың барлығы сәләфилік-уәһәбилік бағыттың кез-келген тармақтары секілді діни рәсімдерден бес уақыт намазды оқымайтын адамды күпірлікпен айыптайды. Сонымен қатар барлығына ортақ ерекшеліктердің бірі «уәли әл-амр» мәселесінде қатты сакларизацияға бой алдырмай, билікті аса киелілендірмейді. Осылайша тәуелсіздіктен кейінгі еліміздің батыс өңіріндегі ислам тарихын әртүрлі жат жамағаттар да жазды.

 

Орынғалиев Ринат

 

«Шапағат» деструктивтік діни

ағымдардан жапа шеккендерге көмек

орталығы» қоғамдық қорының

теолог маманы

 

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1065Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля