Жаңалықтар

Ердоған ортақ әліпби мәселесін тағы да көтерді

Ердоған Қазақстанды ортақ түркі әліпбиіне көшу бойынша шешім қабылдауға шақырды. Ортақ әліпби – біздің болашақты бірге құрып жатқанымыздың белгісі, деді Түркия президенті. Бішкекте өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының отырысында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ұйымға мүше елдерді жаңа түркі әліпбиіне көшуде келесі қадамды жасауға шақырды. “Ортақ әліпбиіміз – біздің болашақты бірге құрып жатқанымыздың белгісі. Енді ұйымға қатысушы елдер осы әліпби негізінде қажетті трансформацияларды жасауы керек. Түркия, Әзербайжан, Солтүстік Кипр түркі елдеріне ортақ әліпбиге көшуге дайын. Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан жаңа әліпбиге көшу бойынша қадам жасағаны абзал болар еді”, – деді Режеп Тайып Ердоған.

Еске салайық, биылғы қыркүйекте Түркі мемлекеттері ұйымының жанынан құрылған Түркі әлеміне ортақ әліпби комиссиясы 34 әріптен тұратын әліпби нұсқасын мақұлдады. Комиссияның мәлімдеуінше, отырыста 34 әріптен тұратын ортақ түрік әліпбиі туралы ұсыныс бойынша келісімге қол жеткізілген. Әліпби жасауда 1991 жылы әзірленген әліпби нұсқасын қарап, қажетті өзгерістер енгізілген. Кейін Қазақстан ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұған қатысты пікір білдіріп, “Бұл Үкімет деңгейіндегі немесе саяси құжат емес. Тек ғылыми қауымдастық тарапынан талқыланып жатқан құжат”, – деген болатын.

Қайнар көзі: Informburo.kz

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Ердоған ортақ әліпби мәселесін тағы да көтерді | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 2 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1015Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля