Жаңалықтар

Ержан Сәденов: Терроризмге қатысты 130 қылмыстық іс қозғалды

Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов “Egemen Qazaqstan” газетіне берген сұхбатында елімізде деструктивті діни ағымдардың таралуы әлі де өзекте болып отырғанын айтты. “Иә, мұндай қауіп әлі де бар. Бұған кейінгі 3 жылда экстремистік және террористік сипаттағы қылмыстарды жасағаны үшін 130 қылмыстық іс қозғал­ғаны дәлел. Деструктивті діни идео­логиялар қазір интернет арқылы таралады. Көбіне қаскөйлер шетелдік веб-ресурс­тарда отырып теріс уағызды насихаттайды. Дегенмен біз өз тарапымыздан оларды бұғаттау жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіп келеміз. Алайда осы жерде мен теріс діни ағымның таралуына ең алдымен халықтың сауатын арттыру арқылы тосқауыл қоюға болатынын тағы да айтқым келеді. Өйткені ең басты проблема – тұрғындардың діни сауатының төмендігі. Кейбіреулер әлеуметтік желі арқылы таралып жататын уағыздардың ақ-қарасын анықтамай солардың артынан еріп кетіп жатыр. Осы орайда мен ата-аналарға балаларының интернетте қандай контентті тұтынып жүргенін бақылау керектігін, сондай-ақ террористік және экстремистік сипаттағы әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатынын ескерткім келеді” деді ол.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Ержан Сәденов: Терроризмге қатысты 130 қылмыстық іс қозғалды | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля