Сұрақ-жауап

Жануарларды азаптау жайлы шариғат не дейді?

Жауап

Кез келген жануарды ешбір себепсіз, әдейі өлтіруге тыйым салынады. Мұндай әрекет – харам. Жануарды қинаған немесе өлтірген адам бұл күнәсі үшін Алладан кешірім сұрап, тәубе етуге міндетті. Жануарды өлтіруге себеп: жыртқыш аң, құтырған мал сияқты адамның өміріне немесе мал-мүлкіне қаупі төндіруін айтуға болады.

Мәселен, хадисте: «Бес жағымсыз жануар ихрам және ихрам емес кезде де өлтіріле береді. Олар: жылан, ала қарға, тышқан, құтырған ит және батпырауық»[1], – делінген. Бұл адамға қауіпті жануарлар екені байқалып тұр.

Ал енді, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қайсыбір адам ешбір ақысыз құсты немесе одан жоғары бір жануарды өлтірсе, ол үшін Алла алдында сұралады», – деді. Адамдар: «Уа, Алла елшісі! Оның ақысы не?» – деп сұрады. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Бауыздап етін жеу, басын жұлып лақтырып кету емес», –деп айтқан[2].

Бұл хадистегі әдейі және себепсіз өлтіру жайлы қатаң ескерту еті желінетін және желінбейтін жануарларға түгел қатысы бар.

Әнас (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Алла елшісі (с.ғ.с.) жануарларды қорлауға тыйым салды»[3], – делінген.

Сондай-ақ, Ибн Аббас (р.а.): «Жаны бар нәрсені нысанаға алмаңдар», –деген риуаят жеткізген.

Имам Науауи былай дейді: «Ғалымдар: Жануарларды қорлау – тірі жануарды ату және сол сияқты жолмен өлтіру…, – деген». Бұл – харам ету тұрғысынан жасалған тыйым. Сондықтан да Ибн Омар (р.а.) риуаят еткен хадисте мұның барлығынан соң: «… Мұны істеген адамды Алла лағынет етсін», – делінген.

Қорыта айтқанда, жануар екеш жануарды қорлау және азаптау – үзілді-кесілді харам әрекет. Бұл зұлымдық атауының бір түріне жатады. Мұндай әрекетке барған адам күнәсі үшін Алла Тағалаға тәубе етіп, кешірім сұрауы ләзім.

Руслан Камбаров

 

0

Автор публикации

не в сети 24 часа

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля