Мақалалар

Жастар арасында діни түсінік қалыптастырудың маңызы

          Қазақстан жастарының қоғамдық санасына бүгінгі күннің іргелі өзгерістерін жеткізу үшін, қоғамдық және діни бірлестіктерге діннің әлеуметтік ортадағы орны мен мәніне қатысты жаңа мақсаттар мен міндеттер қойылып отыр.

          Айталық, Атырау облысы бойынша «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қоры осы бағытта студент жастардың арасында дәстүрлі діни сананы қалыптастыру мен діни сауаттылықты арттыру және 2011 жылғы 11 қазанында қабылданған Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатында жүйелі түрде жұмыс жүргізуде. «Шапағат» қоғамдық қоры орта және жоғары білім беру орталықтарымен екі жақты бірлескен меморандум бекітіп, аптасына 1 рет теолог-дінтанушылардың дәрісін өткізіп келеді. Бұл біздің болашағымыздың жарқын саналы жастарына пайдасы зор деп білемін.

          Елдің саяси-әлеуметтік тұрақтылығының дамуы мен өркендеуінде әлемдік өркениетте және халқымыздың сан ғасырлық тарихында ең негізгі рухани мұрасы саналған діннің алатын орны ерекше.  Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары дінге еркіндік беріп, мемлекетіміздің дін мәселесінде ұстанған либералды саясаты өз кезегінде қазақ жерінде болмаған діни топтар мен түсініктердің көбейіп, тамыр жаюына себеп болды. Бір жағынан төл тарихымыз бен мәдениетімізге жат христиандық-протестанттық бағыттағы миссионерлердің, екінші жағынан радикалды-ислами ағымдардың белсенділігі күшейді. Мұның соңы аздаған жылдар ішінде діни ала-құлалық ел бірлігі мен тұтастығына қауіп төндіре бастады.

          Жастар арасында дұрыс дәстүрлі діни түсінік қалыптастырудың маңызды факторлардың бірі:

  1. Қазақстан тарихын жаңадан жазу барысында қазақ еліне ислам дінінің таралуына кең көлемді түрде тоқталып, жастардың санасында дәстүрлі діни түсініктің маңызды орын алғандығын көрсете білуге мән беру керек.
  2. Бұқаралық ақпарат құралдарында жат ағымдар мен діни экстремизмнің зияндылығын, оны қолдаушылардың артында тұрған күштердің мақсаттарының діни емес, саяси бағытта екенін дәлелдейтін арнайы бейнеөнімдерді  көптеп жариялаумен қатар, діни-танымдық әрі ағартушылық материалдарды да жариялауды қолға алу керек;
  3. ҚМДБ-ның қоғамдағы беделін көтеретін шараларды тұрақты түрде өткізу және олардың біліктілігін арттыру мақсатында жан-жақты көмек көрсету;
  4. Мектептер мен университеттерде оқытылатын дінтану сабақтарын ұлттық мүддеге сай, дәстүрлі діни түсінігіміздің негізінде жүргізілуін қамтамасыз етіп, ерекше бақылау;

          Қорытындылай келе, жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу бойынша атқарылатын жұмыс — ең алдымен, өскелең ұрпаққа берілетін тәрбиемен ұштастырылуы тиіс. Себебі, бүгінгі жас буын елдің келешегін құратын, тізгініне ие болатын аға буынға айналмақ.

Мұрат Тұрлыбеков

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан

жапа шеккендерге көмек орталығы

қоғамдық қорының директоры



0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля