Жат ағымның дәстүрлі құндылықтарымызға келтірер залалы
Жат ағымның дәстүрлі құндылықтарымызға келтірер залалы
Ғасырлар бойы ұлы даламызда салтанат құрып келе жатқан ислам дінінің қадір-қасиеті адамзат баласы үшін басты құндылық. «Алланы бір, Пайғамбарды хақ, Құранды шын» деп таныған ата-бабаларымыздың аманатына адалдық таныту – бүгінгі міндет.
Алайда, қазіргі кезде дін төңірегінде түрлі дау-дамайдың, пікірталастың көбейіп кеткені жасырын емес, елдің ішін алатайдай бүлдіріп, өзінің әр жерден естіген, көрген нәрселерін дінге әкеліп таңғысы келетіндер де бар. Ал дінді дұрыс түсіну адамның өзінің таным-түйсігіне байланысты.
Қазіргі кезде имандылық жолына қарай бет бұрған жастар көбейді. Өкінішке қарай, кейбір жастар дәстүрге қарсы шығып, дінді бұра тартуда, дәстүрлі дінді жат ағыммен шатастырғандар жалған сенімнің артынан еріп кетуде. Жат ағымдар ежелден халқымыз ұстанып келген дәстүрлі ислам құндылықтарын теріске шығарып, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызға кереғар пікірді қалыптастырады.
Зайырлы мемлекетіміздегі дін мен дәстүр бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі. Сондықтан да жастарды әртүрлі жат ағымдардың жетегінде кетуден сақтандыру үшін оларды жастайынан өзінің асыл дінін, төл тарихын, ұлттық құндылықтарын бойына сіңіріп өсуіне баса мән беру өте маңызды.
«Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің», дейді халық даналығы. Ең бастысы, дін – ақиқаттың, ізгіліктің шырақшысы. Қоғамды бүлікке емес, бірлікке бастаушы ілім. Сондықтан да жат ағымның жақсылыққа апармайтынын білген жөн.
Ә.Рашитов, «Ақпараттық-талдау орталығы» КММ бөлім басшысы