Жаңалықтар

Жаңа жаһандық ахуалдың сын қатерлері

Ағымдағы жылдың 9-шы қыркүйек күні Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, Қызылқоға ауданының аудандық кітапханасында «Жаңа жаһандық ахуалдың сын қатерлері» тақырыбында мекеме қызметкерлерімен кездесу өтті. Жиынға облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының маманы Н.Ғизат, Аудандық «Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтанов, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Ш.Темірқұлұлы қатысты. Орталық маманы Н.Ғизат дәстүрлі емес діни ағымның шығу тарихы, оларды қалай ажырату керектігі жөнінде арнайы слайд бойынша баяндап, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 453, 490 баптарында көзделген жауапкершілік жөнінде түсінік беріп өтті. «Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтанов «Қазақ халқы ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрлі ислам діні қоғамда да, мемлекетте де тыныштықты, адамгершілікті, парасаттылықты насихат етеді. Алайда, барша тұрғындарды бірдей қамтып, олардың арасында, теріс діни ағым ұстанушыларымен жаппай күресу оңайға соқпайтыны рас»-дей келе, әр азамат ауызбіршілікпен бір шешімге келіп, дәстүрлі дінімізді насихаттап, жат ағымның жетегіне кетпеу үшін бірдей күресу керек екендігін ескертіп өтті. Теолог Ш.Темірқұлұлы ислам дінінің құндылықтары оның қазіргі зайырлы мемлекеттік құрылыспен үйлесімділігін айтып, салафилердің кескін – келбетін, қандай негізгі қағидалары туралы, олардың қоғам үшін де, жеке тұлға үшін де зайырлылығын түсіндірді. Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған әр түрлі сауалдарға тиісті жауаптар берілді.

0

Автор публикации

не в сети 4 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля