Мақалалар

Желіге байланған жасөспірім мәселесі

ДДСҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросының жаңа деректеріне қарағанда, жасөспірімдердің әлеуметтік желілерді қолдануын күрт артқан. «Мектеп жасындағы балалардың денсаулықа қатысты мінез-құлқы» (HBSC) зерттеуінің деректері бойынша 2022 жылы Еуропа, Орталық Азия және Канаданың 44 елінде және аймағында 11, 13 және 15 жастағы 280 000-ға жуық жасөспірім сауалнамаға қатысты. Осылайша, аталған өңірлерде әлеуметтік желілерді шектен тыс қолдану 2018 жылғы 7%-дан 2022 жылы 11%-ға дейін артты. Бұл цифрлық технологиялардың жастардың психикалық денсаулығы мен саламаттығына әсер етуіне байланысты үлкен алаңдаушылық тудырады. Сарапшылар әлеуметтік желіге тәуелділікке ұқсас белгілермен сипатталатын мінез-құлық үлгісі деген анықтама береді. Оларға әлеуметтік желілерді қолдануды бақылау қабілетінің болмауы, әлеуметтік желілерді қолдану мүмкін болмаған кездегі ашушаңдық, басқа қызығушылықтардың орнына әлеуметтік желілерді қолдануды таңдау және күнделікті өмірде оларды шамадан тыс қолданудың кері салдары кіреді. Мысалы, Қазақстанда ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ДДСҰ-ның Елдік кеңсесінің қолдауымен жүргізген зерттеудің нәтижелері бойынша:

Жасөспірімдердің 12% қолдануды бақылауға тырысып және кері салдарлардың әсеріне ұшырай отырып, әлеуметтік желілердегі проблемалық мінез-құлық белгілерін көрсеткен. Қыз балалар ұл балаларға қарағанда әлеуметтік желілерді проблемалық қолдану деңгейлерінің жоғары екені туралы айтты (10%-ға қарсы 14%). Жастардың үштен бір бөлігі (36%) достарымен үнемі Интернет арқылы байланыс жасайтыны туралы айтқан. Жасөспірімдер арасында әлеуметтік желілерді проблемалық қолданудың белең алуы жастарға әсер етуге байланысты айтарлықтай алаңдаушылық тудырады. Алдыңғы зерттеулер әлеуметтік желілерді проблемалық емес пайдаланушылармен және психобелсенді заттарды қолданбайтындармен салыстырғанда әлеуметтік желілерді проблемалық пайдаланушылар психикалық және әлеуметтік саламаттылығының төмен екені және психоактивті заттарды жиі қолданатыны туралы айтты. Бұл үрдіс жалғаса беретін болса, жасөспірімдердің дамуы мен денсаулығына болашақта өте қиын зардаптар әкелуі мүмкін. Бұдан бөлек, әлеуметтік желілерді проблемалық қолдану ұйқының қанбауымен және өте кеш ұйықтаумен өзара байланысты, бұл жасөспірімдердің жалпы денсаулық жағдайларына және оқу үлгерімдеріне кері әсер етеді. ДДСҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросының директоры, д-р Ханс Клюге «Әлеуметтік желілер жасөспірімдердің денсаулығына және саламаттылығына оң әсер етуі де, сонымен қатар теріс әсер ете алатыны белгілі» деп атап өтті. «Осы себепті цифрлық сауаттылықты оқыту маңызды. Дегенмен, ол көптеген елде төмен деңгейде қалуда, ал алдыңғы қатарлы елдерде жастардың әлеуметтік желілерді қолдануы жоғары және технологиялардың даму деңгейі өте жоғары. Біз мұндай алшақтықтың салдарына куә болудамыз және оның ары қарай үлкейе береді деп санаймыз. Мұны болдырмау үшін үкіметтер, денсаулық  сақтау органдары, мұғалімдер мен ата-аналар орын алған жағдайдың алғышарттарын терең ұғынуы және оларды жою үшін іс-әрекеттер жасауы керек». Әлеуметтік желілерді қолданудың оң аспектілері Есепте әлеуметтік желілерді қолданудың қауіп-қатерлерлері туралы жиі айтылғанмен, оларды жауапкершілікпен қолданудың артықшылықтары туралы да айтылады. Оларды белсенді, бірақ проблемасыз қолданатын жасөспірімдер құрдастарының қолдауы мен әлеуметтік байланыстарының күшті екені туралы айтады. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Салтанат Назарова «Өздерінің психикалық және әлеуметтік саламаттылығы үшін қауіп-қатерсіз барынша үлкен пайда келуі үшін жастарды Интернетті зиянсыз қолдануды үйрету қажет» деп айтып өтті. Мақсатты іс-шаралар      Еуропа мен Орталық Азияны қамтитын ДДСҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросы саясаткерлерді, педагогтарды және денсаулық сақтау мамандарын келесі іс-әрекеттерге шақыру арқылы жасөспірімдердің цифрлық саламаттылығына басты назар аударуға үндейді: Мектептерде әлеуметтік желілерді жауапкершілікпен қолдануды, Интернет қауіпсіздігі және сыни ойлау дағдыларын қамтитын ғылыми негізделген бағдарламаларды енгізу. Психикалық денсаулықты сақтау саласындағы қызметтерді кеңейту: цифрлық технологияларды проблемалық пайдаланудан туындайтын мәселелерді шеше алатын құпия, әділ және қолжетімді психикалық денсаулық қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету. Ашық диалогқа ұмтылу: стигматизацияны азайту және хабардарлықты арттыру үшін қоғамның Интернетті қауіпсіз пайдалануы туралы отбасында жиі әңгіме айту. Әлеуметтік желілердің есеп беруге міндеттілігін қамтамасыз ету: әлеуметтік желі платформаларының жас шектеулерін сақтауын қадағалау керек және жас пайдаланушылар үшін цифрлық құралдарды жауапты жасауға ынталандыратын нормативтік база қажет. Жасұлан БАҚЫТБЕК

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Желіге байланған жасөспірім мәселесі | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 985Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля