Жылыойда өткен жиын
Жылыой ауданында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде аудандық білім бөлімінде «Болашаққа бағдар: білім және тәрбие» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының маманы А.Нұрниязов, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Н.Төлеуов пен М.Исаинова қатысты.

Кездесу барысында АТТ мүшелері қазақ қоғамының ұлттық ұстанымы мен дәстүрлі құндылықтарын дәріптей келе, дініміз бен салт-дәстүрімізге берік болғанда ғана мықты ел болатындығымызды айтып өтті.
Орталық маманы А.Нұрниязов қазіргі таңда деструктивті діни ағымдардың әсерінен қоғамда болып жатқан келеңсіздіктерді тілге тиек ете отырып, олардың алдын-алу мақсатында дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушы азаматтардың сырт келбетін, тыңдайтын уағызшыларын, оқитын кітаптарын, күнделікті қолданатын сөз тіркестерін жан-жақты түсіндіріп өтті.