Сұрақ-жауап

ЖҰМА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУ БИДҒАТ ПА?

Мүмін-мұсылмандардың бір-біріне саулық, амандық тілеп, жұма күнімен құттықтаулары – мубах, яғни рұқсат етілген іс. Оған сауап та, күнә да жазылмайды. Өйткені, жұма күнімен құттықтау шариғаттың жалпы мақсатына тура келеді.

Алла Тағала Құранда: «Адамдарға жақсы сөз айтыңдар», – деп бұйырған («Бақара» сүресі, 83-аят). Ал Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жақсы сөз – садақа», – деп түсіндірген (Бұхари, Мүслим).

Жұма күнімен құттықтау – мұсылмандар арасында ғасырлар бойы келе жатқан әдет. Бұрын да олар бұл күнде қуаныштарымен бөліскен, бір-біріне ізгі тілек айтып, дұға еткен. Абдулла ибн Масғұд (Алла оған разы болсын): «Мұсылмандар жақсы деп санаған iс, Алла Тағала алдында да жақсы», – деген (Ахмад).

Сонымен қатар адамзат тарихындағы ұлық, әрі маңызды оқиғалар жұма күндері болған. Бұл жайлы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жұма – күн шуағы шашылған күндердiң ең жақсысы. Адам (оған Алланың сәлемі болсын) жұма күнi жаратылған, жұма күнi пейiшке кiрген, жұма күнi пейіштен шығарылған. Қиямет күні де жұма күнi болмақ», – деп хабар береді (Мүслим).

Сондай-ақ жұма күні атқарылатын ғибадаттың басқа күндердегіден сауабы көбірек. Сондықтан жүрегінде иманы бар мұсылман жұма күннің қадір-қасиетін жақсы біледі әрі бұл күнді Жаратушы Иеміздің разылығына кенелу үшін Жаратқанның әміріне сай ерекше өткізуге әрекет етеді.

Хазреті Омар (Алла оған разы болсын): «Барлық мақтау Аллаға тән! (Жаратушы Иеміз) жұма және арапа күндерін біз – мұсылмандарға мейрам етіп берді», – деген (Табари).

Демек, мерекелерде құттықтау дұрыс болғаны секілді жұма күні де тілек айтып, құттықтау құпталады. Себебі жоғарыдағы хадис жұма күні де мейрам екеніне дәлел.

Бұл күнді қуанышты көңіл-күйде, хош иіс сеуіп, ғибадатымызды орындап, хал-жағдай сұрасып, ізгі тілек айтып өткізуіміз шариғатқа қайшы емес. Жұма күндері «күніңіз берекелі өтсін», «жұма мүбәрак болсын» деп айту да ізгі тілектер қатарына кіреді. Алайда құттықтау, тілек айту әр адамның өз еркіндегі шаруа, оны уәжіп немесе сүннет деп айтпаймыз. Бұл істі орындамаған адамды күнәһар санамаймыз.

Дайындаған Хасан АМАНҚҰЛ

0

Автор публикации

не в сети 22 часа

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля