Интернетте діни алауыздық тудырған адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады
СҚО-да интернетте діни алауыздық тудырды деген күдікпен ұсталған ер адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Интернет-кеңістікке мониторинг жүргізу барысында Есіл ауданының тұрғынынан діни алауыздықты қоздыру белгілері бар жариялаған материал анықталды. Аталған факт бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу әрекеттері барысында мән-жайды анықтау үшін аудан орталығының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Тәртіп сақшылары тексеру мақсатымен ер адамнан iPhone14 телефонын беруді сұрады. Бірақ жергілікті тұрғын олардың заңды талабын елемей, құрылғыны сындырмақ болды. Полицейлер оның әрекетін тоқтатты, бірақ ер адам қызметкерлердің бірінің бетіне соққы жасады. – Күдікті ұсталды. Оған қатысты алауыздықты қоздыру және билік өкіліне күш көрсету фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Денсаулыққа келтірілген зиянның дәрежесін сараптама көрсетеді, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Интернетте діни алауыздық тудырған адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады | Қазақстандағы Ислам