Исатай ауданы

Маштахов Жансих Ғатихұлы

1955 жылы дүниеге келген.

Еңбек жолын 1974 жылы М.Горький орта мектебінде ұстаз, Ақтоғай орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, Нобовогат аудандық азаматтық қорғаныс штабының бастығы, Махамбет аудандық халық депутаттары Кеңөзек селолық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, «Алғабас» мал бордақылау кеңшары партия комитетінің хатшысы, «Шұжық» шағын мемлекеттік кәсіпорнының директоры, кейін экспедитор, №5 индер кәсіптік-техникалық мектебі директорының орынбасары, Исатай аудандық пошта торабының бастығы, Исатай аудандық мәслихатының бас маманы, аппарат басшысы қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта зейнеткер. Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы. Отбасы бар. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

 


 Бектенов Мұрат Бектенұлы

Туған жылы, айы, күні:    17 тамыз 1946 жыл

Туған жері:  Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын құмы,  Айбас елді мекені

Білімі:   арнаулы орта,  Атырау ауылшаруашылық техникумы

1969 жылдан «Жайықмұнайгаз»  басқармасында мұнай  өндіруші   оператор болып  бастап,  мұнайды  дайындау және айдау (цех ППН) бөлімшесінде цех  шебері, 1973 жылы 11 сәуірде Еділ-Жайық қосөзеннің ортасында  мұнай  кендері көптеп ашылуына  байланысты «Жайықмұнайгаз» басқармасы құрылып, түрлі  басқарма жүйесінде басқару  бөлімдері ашылуына байланысты, ең алғашқы Орталық  инженер-техникалық   қызметінің аусым  бастығы  (ЦИТС) болып жұмыс жасадым. Осы  жұмыс жасап жүрген кездерімде 1977 жылдары техникалық транспорт  бөліміне жіберіліп,  Мартыши қазіргі (Салтанат Балғымбаев ) көлік керуен бөлімшесінде  басшылық  қызмет атқарды. 1970 жылдардың  бас кезінде Махамбет аудандық «Малды өңір»  газетінің кейін,  Исатай  аудандық «Нарын таңы» газетінің штаттан тыс тілшісі болып, мұнайшылар өмірінен очерктер, репортаждар жазып, әріптестер  мұнайшылардың ерен еңбектерін, еңбек озаттарының жұмыс барысындағы жеттістіктерімен мұнайшы деген күрделі де қыр-сыры алуан түрлі атқаратын жұмыстарын мән – жайын жазып өрен еңбектерін насихаттауға үлес қостым. Осы  уақыттар ішінде сонымен қатар өлке тарихынан материалдар жинап, Нарын өңірінде өмір сүрген  ақын-жыраулардың  шығармаларын, атақты билердің шешендік сөздерін жинаумен айналысты.

2009 жылы  қазан  айында  құрметті еңбек демалысына  зейнеткерлікке  шықты.

Наградалары: 2008 жылы «IMAK OFSET» баспаханасынан шыққан, таралымы 1500 дана «Қос өзен мұнайшылары» кітабы;

2009 жылы Алматы қаласы «ҚазАқпарат» баспасынан шыққан, таралымы 1000 дана «Қасиетіңнен айналдым» кітабы;

2013 жылы Алматы қаласы «Абзал-Ай» баспасынан шыққан, «Заман сыры» деп аталатын тарихи-деректі ғұмырнамалық эссе кітапты  құрастырып шығарған;

2014 жылы «АтырауАқпарат» баспасынан шыққан, «Айшықты әлем» кітабы;

2015 жылы Атырау қаласы «Ағатай» баспасынан шыққан, «Дәуір жаңғырығы» атты кітаптары жарық көрген.

1973,1976,1978,1979 жылдары социалистік жарыстың төс белгісімен, Х-ХІ-ші бесжылдықтың  озат төс белгісімен, коммунистік  еңбектің үздік белгілерімен бірнеше рет марапатталған.

1989 жылы 19 мамырда СССР  Жоғарғы президиумының атымен  «Еңбек ардагері» (Ветеран труда)  медалімен марапатталған.

2012 жылы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі;

Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай газ компаниясы Құрмет грамотасымен, «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалы Құрмет грамотасы  және  «Жайықмұнайгаз»  басқармасының  басқарма және кәсіподақ комитеттерінің Құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталып,   Атырау облысы әкімінің  Алғыс хаттарына  ие болған. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

 


  Наубетов Садуақас

Туған жылы, айы, күні:    7 қазан 1955

Туған жері:  Атырау облысы Исатай ауданы Айбас елді мекені

Білімі:  жоғары, 1972-1976 жж. Гурьев мемлекеттік педагогикалық институты,                                   «Физика» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Атқарған қызметі: 1978 жылы В.В.Куйбышев атындағы орта мектепте ұстаз;

1981-1986 жж. Забурын кеңшары комсомол хатшысы;

1987-1994 жж. Х.Наубетов атындағы орта мектебінің директоры;

1999-2003 жж. Забурын ауылдық округінің әкімі;

2008-2009 жж. Нарын орта мектебінің директоры;

Наградалары: 2005 жылы аудандық физика пәні мұғалімдерінің олимпиадасының жүлдегері;

2010 жылы «Интерактивті тақтаны үздік пайдаланушы» облыстық байқауының  жүлдегері;

2014 жылы аудандық физика пәні мұғалімдерінің  сайысында I орын алып, облыстық сайыста «Шығармашыл ұстаз »  номинациясын жеңіп алған;

2014 жылы мектеп психологы Мағазова Гүлзадамен бірлес отырып  Ұстаздар мен психологтарға арналған әдістемелік көмекші құрал — «Аутогендік жаттығулар»   тренингтер топтамасын дайындып шығарған;

2016  жылы Исатай ауданы физика пәні мұғалімдерінің олимпиадасында I орын, Атырау облысы физика пәні мұғалімдерінің олимпиадасында III орын алған;

1988 жылы Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігінің «Құрмет» грамотасымен;

1998 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен;

Атырау облысы әкімінің, Исатай ауданы әкімінің алғыс хаттарымен;

Атырау облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің алғыс хаттарымен марапатталған. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

 


Құлғалиева Ботагөз Қуанқызы

Туған жылы, айы, күні:    30 қазан 1959 жыл

Туған жері:  Гурьев облысы, Новобогат ауданы, Новобогат селосы

Білімі:  жоғары, 1983 жылы Алматы халық шаруашылығы институты, Экономика факультеті, Бухгалтерлік есеп және шаруашылық жұмысын талдау мамандығын бітірген.

Мамандығы: экономист

1976 жылы Индер ауданы Зеленый селосындағы «Путь Ильича» совхозында қарапайым жұмысшы;

1977 — 1980 жылдары Новобогат ауданы жаңадан құрылуына орай, «Казсельхозтехника» аудандық мекемесінде, КСРО Мемлекеттік банкісінің Аққыстау бөлімшесінде есепші болып қызмет жасады.

1980-1985 жылдары Қазақстан ЛКЖО Новобогат аудандық комсомол комитетінің сектор меңгерушісі, екінші хатшысы.

1985-1986 жылдары осы ауданға қарасты «Путь Ильича» совхозының  партия комитетінің хатшысы.

1986-1987 жылы Қазақстан ЛКЖО Новобогат аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды .

1987-1988 жылдары Х.Д. Новобогат аудандық атқару комитеті төрағасының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.

1988-1989 жылдары Қазақстан КП Махамбет аудандық комитетінің идеология бөлімінің нұсқаушысы.

1989-1991 жылдары Қазақстан ЛКЖО Гурьев облыстық комсомол комитетінің оқушы жастар ісі жөніндегі хатшысы.

1991-1993 жылдары КСРО Зейнетақы қоры Атырау бөлімшесінде  облыстық филиалдың бас маманы, Атырау қаласы бойынша өкілі.

1993-1994 жылдарыы Атырау облысы әкімі аппаратының  инспекторлық-ұйымдастыру және кадрлар жұмысы бөлімінің бас инспекторы.

1994-2003 жылдары облыстық маслихаты аппаратының бас маманы.

2003-2005 жылдарыы облыс әкімі аппаратының жалпы бөлімнің бас маманы.

2005-2007 жылдары жаңадан құрылған Атырау облысы Табиғи монополиялардың қызметін реттеу және тбәсекелестікті қорғау басқармасының бөлімінің бастығы.

2007-2008 жылы «Казагромаркетинг» АҚ ның ауыл шаруашылығы өнімдерін бәсекелестікке қабілетін арттыру Жобасы бойынша білімді беру және тарату жүйесінің Атырау облысы бойынша үйлестірушісі.

2008-2009 жылдары «ІСКЕР» консорциумының «Вестстройсервис» ЖШС табелші, адам ресурстары және транспорт жөніндегі үйлестірушісі.

2009-2010 жылдары «Нұр Отан» ХДП Исатай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2010-2017 жылдары «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру АҚның басшылығының шақыртуымен «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының әлеуметтік қамтамасыз ету қызметінің бастығы, бөлім бастығының орынбасары;

2017 жылдың қараша айынан бастап құрметті демалыста;

2018 жылдан бастап «Ардагерлер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігі» Исатай аудандық филиалы төрағасының міндетін атқарушы.

Наградалары: 2001 жылы «Тәуелсіздікке 10 жыл» мерекелік медальмен;

2014 жылы Қазақстан маслихаттарына 20 жыл мерекелік медальмен, бірнеше рет ҚР Елбасы, Тұңғыш Президентінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

2019 жылы ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Алғыс хаты. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.


Насимуллин Ерболат

1954 ж.12.11 туған.

1976 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген, «тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі»

1976-2012 жж. арасында  Сағыз сегізжылдық мектебінде, Аққыстау орта мектебінде мұғалім,организатор,оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс жасаған.

1978-1979 ж.  Семей қаласында әскери борышын өтеген.

2002-2008 ж. Абай орта мектепте директор.

2008-2013 ж. Нарын селолық округі әкімі.

2013-2017 ж. АББ-әдіскері, Аққыстау ОМ-ң оқу ісінің меңгерішісі, директоры.

2017ж.  Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының Исатай аудандық «Діни бірлестіктермен жұмыс және Аудандық жұмыстары үйлестіру бөлімінің маманы». Семей полигонында әскери борышын өтеген ардагер.

Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігінің «Құрмет грамотасы», «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі.

Алғыс хаттар, диплом, грамоталармен марапатталған. Ондаған жылдар бойы учаскелік сайлау комисиясының төрағасы, Аудандық «Билер кеңесінің» мүшесі. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

 


Зинеденов Еркебұлан Уалитханұлы 

1998 жылы мамыр айының 1 жұлдызында Исатай ауданы, Зинеден ауылында дүниеге келген.

2003 жылы Ю.Гагарин атындағы орта мектебіне қадам басып, 2015 жылы тәмәмдап шықты.

Сол жылы Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Журналистика мамандығына түсіп, 2019 жылы бакалавр атағын алып шықты.

Қазіргі таңда Исатай аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы болып қызмет атқарады. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

 

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля