Жаңалықтар

ИЫҰ-мен ынтымақтастық келешегі

Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның ИЫҰ Әйелдерді даму ұйымымен ынтымақтастық перспективасын талқылады. Бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Ислам ынтымақтастық ұйымы Әйелдерді дамыту ұйымының атқарушы директоры, доктор Афнан әл-Шуайбимен кездесуі өтті. Кездесуде гендерлік теңдік мәселелері талқыланып, отбасылық және гендерлік саясат саласында тәжірибе алмасу сөз етілді. Министр Қазақстан көпұлтты әрі көпконфессиялы мемлекет болғандықтан, бейбітшілік, толеранттылық және кемсітушілікке жол бермеу саясатын ұстанатынын атап өтті. «Президент мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі саналатын гендерлік теңдікке қол жеткізуге бағытталған жұмыстарға ұдайы қолдау көрсетеді және оған көп көңіл бөледі. Бұған маңызды дәлел ретінде гендерлік алшақтық индексі бойынша халықаралық рейтингте Қазақстан 2023 жылы 146 елдің арасында 62 орынға ие болғанын атап өтуге болады», – деді Аида Балаева. Министр ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қызметіне, сондай-ақ отбасылық және гендерлік саясатты зерттеу орталығының жұмысына тоқталды. Гендерлік саясат мәселелерімен айналысатын 500-ден астам ҮЕҰ және 70-ке жуық ҮЕҰ-ны біріктіретін әйелдер көшбасшылығы мектептерінің ұлттық желісі маңызды рөл атқарады. Еліміздің барлық өңірінде «Әйел саясаткерлер клубтары» және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары жұмыс істейді.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: ИЫҰ-мен ынтымақтастық келешегі | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля