Кезекті семинар Жылыой ауданында
Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 29 тамызында Жылыой аудандық жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында «Жастарды рухани – адамгершілік құндылықтарын дамыту және мемлекеттің зайырлылық тірегін нығайту» тақырыбында семинар өтті.
Аталмыш семинарға Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының мамандары, аудандық «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінің бас имамы А.Исаев, аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Орамахова, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Г.Ахметова, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы А.Атабаева және аудан жастары қатынасты.
Шара барысында жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі зор екені айтылды. Сондай-ақ, қатысушы қонақтар өзара пікір алмасып, ұлттың бүгіні де, болашағы да білімді, тәрбиелі ұрпаққа байланысты екенін айта келе, жастарды ел болашағының дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.
Семинар жұмысының қатысушыларға берер тәлім-тәрбиесі мол болды. Қатысушылар тарапынан көкейде жүрген сауалдар мен ұсыныстар жолданып, сала мамандары тарапынан тұщымды жауаптар берілді.