Жаңалықтар

Колледж студенттері арасындағы интеллектуалдық сайыс жалғасуда

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Атырау инженерлік-гуманитарлық колледжінің студенттері арасында «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалдық сайыс өтті.
Сайыстың мақсаты — дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, қоғамдық келісімді нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу.
Аталмыш сайысқа облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы А.Бақтығалиев, Орталықтың «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің маманы Е.Асқар, колледж оқытушысы А.Кибашева және колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Бисембиева қазылық етті.
Cайыс нәтижесінде шапшаңдығымен көзге түскен «Жастар» тобы І орынға ие болса, «Достық» тобы ІІ орын, «Болашақ» тобы ІІІ орынды иеленді.
Соңында барлық қатысушылар арнайы дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ студенттерге ақпараттық-танымдық материалдар тартылды.

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля