Махамбет ауданы
Төлегенов Ұзақбай
Төлегенов Ұзақбай 1942 жылы 5 қыркүйекте Исатай ауданы Забурын ауылында дүниеге келген.
1948-1958 жылдары аралығында аманкелді орта мектебін тәмамдаған.
1959-60 жылдары аралығы 66 ауыршаруашылығын механикаландыру училищесінде оқыған.
1961-65 Әскер қатарында болған.
1965-71 жылдары 37 кәсіптік училищеде мұғалімдік қызмет атқарған.
1971-77 жылдары Арнаулы мектеп интернатының мұғалімі.
1977-86 жылдары Аудандық Кино жүйесінің директоры.
1986-88 жылдары Махамбет селолық кеесінің атқарушы коммитетінің төрағасы.
1988-1993 жылдары Аудан әкімі аппаратында бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1993-2003 Аудан әкімінің орынбасары.
2003-2007 жылдары аудандық маслихатының хатшысы қызметін атқарған.
2007 жылдан бері зейнет жасында. Аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.
Сисенов Қобланды
Сисенов Кобыланды 1944 жылы 30 қазанда Бақсай ауданы Ақжайық ауылында дүниеге келдім. 1951 жылы бастауыш мектепке аяқ басып, 1961 жылы арнаулы орта мектепті бітірдім.
1961 жылы Гурьев ауыл шаруашылық техникумын оқуға түсіп, 1964 жылы зоотехник-веттехник мамандығын алып шықтым.
1964 жылы тамыз-қараша айлары аралығында Гурьев облысы Маңғыстау ауданы Амангелді №2 колхозында зоотехник қызметін атқардым.
1964-1967 жылдары аралығында Совет армиясы қатарында болдым.
1968 жылдың 3-ші қаңтарынан бастап Махамбет ауданының комсомол комитетінің инспекторы болып, кейін бөлім меңгерушісі қызметін атқардым.
1974 жылы қыркүйегінде аудандық селхоз техника ұйымының партия хатшысы болдым.
1975 жылы қыркүйек айында Гурьев арнаулы мектеп интернатында тәрбиеші болдым. 1971-1975 жылдары Гурьев педогикалық институтында педагог математик мамандығы бойынша сырттай бөлімде білім алдым.
1976-1977 жылдар аралығында Махамбет орта мектебінде мұғалім болдым.
1977-1978 жылдары Индер ауданы атқару комитетінде инспектор қызметін атқардым.
1978-1979 жылдары Махамбет ауданы Ақжайық совхозы Партия ұйымының хатшысы былдым.
1979-2002 жылдары аралығында Қызылүй орта мектебінде мұғалім болдым. 2002 жылдың қараша айынан бастап, 2003 жылдың қыркүйегіне дейін аудандық экономика комитетінде бас маман, 2003-2004 жылдар аралығында аудандық оқу бөлімінде бас маман қызметін атқардым.
2004-2010 жылдары аудандық ветстанция бөлімінде бас маман болып, 2007 жылы зейнеткерлікке шықтым. 2012 жылдан бастап қазіргі кезге дейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасарымын. Аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.
Шотпақов Сағынғали Нысанбайұлы – 1956 жылы Махамбет ауданы, Еңбекшілауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары.
1978 жылы «Қазақтың Еңбек, Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институтын» инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1978-1979 жылдар аралығында Сарайшық кәсіптік-техникалық училищесінде мұғалім болып бастаған.
1979-1988 жылдар аралығында Гурьев облыстық ауылшаруашылық тәжірибе станциясында жем-шөп цехының механигі, жем-шөп цехының бастығы, мал шаруашылығы комплексінің бастығы, ғылыми бөлімнің бастығы, бас инженер, партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған.
1988-1991 жылдар аралығында Махамбет аудандық партия комитетінің хатшысы болып еңбек еткен.
1991-1995 жылдар аралығында Махамбет аудандық өндірістік жолдар учаскесі бастығының орынбасары болып қызмет еткен.
1995-1997 жылдар аралығында Махамбет селолық округінің әкімі қызметін атқарған.
1997-2011 жылдар аралығында Махамбет ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.
2011-2016 жылдар аралығында «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының «ҚазТрансГазӨнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің МАКС-1 машинисті қызметін атқарған.
2017 жылдан бастап қазіргі уақтықа дейін Махамбет аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы қызметін атқаруда.
2002 жылы «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жылдық» мерекелік медалімен, 2008 жылы «Астананың 10 жылдығы», 2015 жылы «ҚР Конституциясының 20 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталған.
Отбасылы, үш ұлы бар. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Құжырбаев Сейтжан Бауыржанұлы
1992 жылы Исатай ауданы Аққыстау ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары.
1999-2008 жылдары Аққыстау орта мектебінде білім алған.
2008-2011 жылы Ақтөбе қаласындағы С.Бәйішев атындағы колледжге оқуға түсіп, қаржы мамандығы бойынша білім алған.
2011-2014 жылдары Ақтөбе экономикалық-статистикалық академиясына оқуға түсіп, қаржы мамандығы бойынша жоғарғы білім алған.
Еңбек жолын 2012 жылы Исатай ауданында «АзатАзамат» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасының жастар ісі жөніндегі орынбасары қызметінен бастаған.
2012 жылы Отбасы жағдайына байланысты махамбет ауданына қоныс аударған.
2016 жылы Махамбет ауданы білім бөлімінде бас экономист қызметін атқарған.
2018 жылы Дін істер басқармасы «Ақпараттық талдау орталығы» КММ-не аудандық жұмыстарды үйлестіру бөлімі маманы болып қызметке тұрып, қазіргі кезде сол мекемеде еңбек етіп жатырмын. Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.
Отбасылы, екі қыз тәрбиелеудемін.
Жестістіктері
- 2019 жылдың Облыстық «Жас көшбасшы» жастар байқауының 3 орын жүлдегері
- 2019 жылы Облыс әкімдігі Дін істері басқармасы басшысы Қайролла Көқалиевтің алғыс хаты.
- 2019 жылы аудан әкімі Ахметов Жәрдемғали Бахуұлының алғыс хаты.
- 2018 жылдың жыл қортындысы бойынша «Үздік жас азаматтық қызметкер» 2018 наминациясының иегері
- 5. 2018 жылы «мемлекеттік тіл мемлекеттік қызметте» атты мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық сайыста бас жүлде иегері
- 2018 жылы мамыр айында «Абай атындағы көркем сөз оқу шеберлерінің» облыстық байқауында жүлделі 1 орын.
- 7. 2018 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жиырмажылдық қалыптасуы» тақырыбында аудандық эссе конкурсы бойынша 2 орын.
- 2018 жылы қаңтар айында Махамбет Ауданының әкімі Сырым Рысқалиевтің алғыс хаты.
- 2017 жылы қараша айында Жұмекен Нәжімеденов атындағы көркем сөз оқу шеберлерінің Республикалық байқауында жүлделі 2 орын.
- 2016 жылы Махамбет ауданының әкімі Әлібек Наутиевтің алғыс хаты.
- 2016 жылы Жастар ресурстық орталығының басшысы Айгерім Құрманберлиеваның алғыс хаты.
- 2019 жылдың жыл қортындысы бойынша «Үздік белсенді жас» наминациясының иегері
Дүйсембаев Жандос Жайлыбайұлы
1994 жылы 20 шілдеде Махамбет ауданы, Махамбет ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Есенбай Ағелеуов атындағы орта мектебін бітірген. Мектеп қабырғасында жүріп түрлі қоғамдық шараларға жайдарман, көрініс, көркемсөз байқауларына қатысып, жүлдегер атанған.2012-2014 жылдары Алматы аграрлық коллежі, 2014-2017 жылдары Батыс Қазақстан инновациалық-техникалық университеті экономика факультетінің қаржы мамандығында білім алды.Еңбек жолын 2014 жылы Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде есепші, шаруашылық менгеруші, болып жұмыс атқарды. 2018 жылдың ақпан айынан бастап Махамбет аудандық Ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінің, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарып келеді. Аудандық АТТ мүшесі.