Махамбет ауданында АТТ мүшелері жастармен кездесті
Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 15 наурызында Махамбет аудандық Жастар ресурстық орталығы ғимаратының мәжіліс залында облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының мамандары және АТТ мүшелерінің қатысуымен «Жастар ел болашағы» тақырыбында кездесу өтті.
Өз кезегінде АТТ мүшесі С.Шотпақов: «Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне үлес қосып келеді. Осы ретте Елбасымыз Н.Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты»-дей келе, жастарды рухани адамгершілікке баулыды.
АТТ мүшесі, аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ж.Дүйсембаев: «Бүгінде елімізде жастарға үлкен көңіл бөлінуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқыланды. Оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастардың бүгіннен бастап тәрбие алуы мен отансүйгіштік қасиеттерінің дамуына ықпал жасау қажет», — деп жастарды қоғамдық жұмыстарға көптеп араласуға шақырды. Сондай-ақ, орталық мамандары жастарға деструктивті діни ағым мәселесі де күн тәртібінен түспей келе жатырғанын және де теріс ағымды қалай ажыратуға болатындығы жөнінде ақпарат берді.
Кездесу соңында қатысушыларға «Тәубе» бейнефильмі көрсетіліп, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.