«Менің таңдауым – қазақ тілі!» челленджі басталды
Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Менің таңдауым – қазақ тілі!» жалпыреспубликалық челленджі басталды. Ұйымдастырушы – Мәдениет және ақпарат министрлігі. Мақсат – қазақ тілі арқылы қазақстандық бірегейлікті нығайту, барлық қазақстандықтарды мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі идеясының айналасына топтастыру. Челленджге қатысушылар роликтерінде қазақ тілін неге сүйетіні туралы өзінің ой-пікірлерімен, қазақ тіліне қалай үйреніп-меңгергені жөніндегі жеке тәжірибелерін айтады. Іс-шараға танымал тұлғалар, жастар, Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қатысып жатыр. Челлендж 7 қыркүйекке дейін жалғасады. Тегтер: басты тақырыпқазақ тілімемлекеттік тіл
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: «Менің таңдауым – қазақ тілі!» челленджі басталды | Қазақстандағы Ислам