Мың жарым домбырашы жеті күй орындады
Ұлттық домбыра мен Арқалық қаласының күніне ораймың мың жарым адамның қатысуымен «Домбыраның күмбірі – бар қазақтың бірлігі» атты ерекше мерекелік шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ сол өңірдегі тілшісі. Еңкейген қариядан еңбектеген бала дейі қала тұрғындарынан құралған ұлттық оркестр бір мезетте жеті бірдей күй орындады. Салтанатты шараға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев, Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов, Қостанай облысының құрметті азаматы Амангелді Садырбеков арнайы қатысып, Арқалық қаласының тұрғындарының бастамасымен өтіп жатқан тың бастамаға ерекше баға берді. Ұлттық аспапты дәріптеу жолында танылған Арқалық халқына ризашылығын білдіріп, облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың алғыс хаты табыс етті. Не арқылы: baq.kz Тегтер: Ұлттық домбыра күні
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Мың жарым домбырашы жеті күй орындады | Қазақстандағы Ислам