«Ресми өтініштер бар». Балаева дін туралы заң жайында
Дін мәселесін қозғаған кезде қоғамның поляризациясына жол бермеуіміз керек. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Депутаттар тарапынан ресми өтініштер түсті. Дін саясаты саласындағы жұмыстарды үйлестіретін мемлекеттік орган ретінде біз оларды қарауға міндеттіміз. Әрине, бұл тұрғыда біз діни бірлестіктердің қызметіне қатысты барлық заңнамалық нормаларды зерттеп жатырмыз. Бұл жерде біз қоғаммен диалогтың маңызды екенін түсінуіміз керек, қоғамды поляризацияламау маңызды, қоғамда болып жатқан проблемалық мәселелерге жіті қарау маңызды, – деді Балаева Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінен кейін. БАҚ өкілі министрге «заңды қашан күшіне енеді» деп сұрады. Ол ең алдымен, кең көлемде қоғамдық талқылау болатынын айтты. Басында айтқанымдай, ең алдымен сарапшылармен, сол мәселені қозғаған депутаттармен талқылау болады. Біз халықтың келісімінсіз ешқандай шара қолдана алмаймыз. Әрине, нақты ресми өтініштер бар болғандықтан, бұл істі бастаймыз, – деді Балаева.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: «Ресми өтініштер бар». Балаева дін туралы заң жайында | Қазақстандағы Ислам