Мақалалар

Салт дәстүр сан ғасырлық саф мұра

Қазақ халқының бай тарихы мен терең рухани дүниетанымы ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарында көрініс табады. Бұл — халқымыздың өмір сүру салтын, тұрмысын, наным-сенімін, мәдениетін айқындайтын ерекше құндылық. Салт-дәстүр — бұл тек өткеннің қалдығы емес, ол – ұлттың тірегі, болашағының темірқазығы.

Қазақ халқының әрбір дәстүрі тәрбиелік мәнге ие. Мысалы, бесікке салу, тұсау кесу, қыз ұзату, келін түсіру секілді салттар ұрпақ тәрбиесінің негізін қалайды. Осындай ғұрыптар арқылы ата-бабаларымыз жас ұрпаққа үлкен өмірге қадам басу жауапкершілігін сезіндіріп отырған. Бұл — тәрбие мен тағылымның ажырамас бөлігі. Салт-дәстүрлердің ішінде отбасылық құндылықтарды ұлықтайтын ғұрыптар ерекше орын алады. Қонақжайлық, жасы үлкенге құрмет көрсету, жоралғылар мен ас беру рәсімдері — халқымыздың меймандос, бауырмал, кішіпейіл келбетін айғақтайды. «Қарты бар үй – қазыналы үй» деген сөз қазақтың үлкенді сыйлау дәстүріне қаншалық мән бергенін көрсетеді.

Мемлекет деңгейінде де бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Мектептерде «Өлкетану», «Рухани жаңғыру», «Ата дәстүр – асыл қазына» секілді жобалар жүзеге асуда. Бұл – болашақ ұрпақтың өз тамырынан ажырап қалмауына жасалған игі қадам.

Бүгінде жаһандану заманында ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтау — әр қазақтың парызы. Себебі ұлттық болмысын жоғалтқан халық — тамырынан айырылған бәйтерекпен тең. Тарихын білмеген, салтын ұмытқан ұрпақ елдің ертеңі бола алмайды. Сондықтан да, мектеп қабырғасынан бастап жастардың бойына ұлттық құндылықтарды, ата салтты сіңіру — маңызды міндет.

Салт-дәстүр — бұл өткеннің емес, бүгіннің де, болашақтың да асыл мұрасы. Оны сақтау — ұлт ретінде ұйысудың, мемлекет ретінде дамудың алғы шарты. Атадан қалған аманатқа адал болу — әрбір саналы азаматтың қасиетті борышы.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері – тарихи жадтың, рухани құндылықтардың және мәдени бірегейліктің нақты көрінісі. Олар тек этнографиялық мұра ғана емес, әлеуметтік реттеу құралы, ұлттың ішкі тұтастығын сақтау факторы ретінде де маңызды. Салт-дәстүрлерді ғылыми тұрғыдан зерделеу, оларды бүгінгі заманда жаңғырта отырып, мән-мағынасына нұқсан келтірмей сақтау – ұлттық мәдениетімізді нығайтудың және ұлттың рухани қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты алғышарттарының бірі.

Атырау облысы Дін істері басқармасы

Ақпараттық-талдау орталығының

бөлім басшысы Ә.Рашитов

0

Автор публикации

не в сети 3 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1059Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля