Саудагерлерге сауда-саттықтың әдептері түсіндірілді
Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау орталығының» мамандары ағымдағы жылдың 23-29 сәуір аралығында халықты күнделікті тұтынатын тамақ және тауар бағдарларын дәлелсіз көтермеу мәселесі бойынша шағын және орта бизнес саласындағы кәсіпкерлермен кездесу ұйымдасытырып, ақпарат-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында «Насиха», «Көктем», «Байзар», «Бақдәулет» сауда үйлеріндегі сауда-саттықпен айналысатын кәсіпкерлерге «Тамақ және тауар өнімдерінің бағаларын дәлелсіз көтермеу» тақырыбында түсінік жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру жұмысы барысында саудагерлерге Орталық тарапынан дайындалған «Исламдағы сауда-саттық және оның әдебі» тақырыбындағы бүктемелер таратылды.