Жаңалықтар

Сирия басшысы көтерілісшілермен күресті жалғастыруға уәде берді

Бірнеше күн бұрын Сирияда әкери қақтығыс басталды. «Хаят Тахрир аш-Шам» (HTS) тобы елдің солтүстік-батыс бөлігінде ондаған елді мекенді басып алды. Башар Асад ұзақ үнсіздіктен кейін алғаш рет осы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BILD. Көтерілісшілер Сириядағы ең ірі қала Алеппоның басым бөлігін бақылауға алғаны жарияланды. Сирия басшысы өз мәлімдемесінде «Сирия жерінің әрбір бөлігін қорғауға» және Ресей, Иран және Біріккен Араб Әмірліктері сияқты одақтастардың қолдауымен «лаңкестер мен олардың жақтастарына» қарсы күресті жалғастыруға уәде берді. Ал Ресей жағы Сирия аумағындағы көтерілісшілердің позицияларына әуеден соққы бергенін хабарлады. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, осының нәтижесінде 300-ге жуық содыр көз жұмды.

Бұған дейін сириялық көтерілісшілер Алеппоның орталық аудандарына жеткені хабарланды. Айта кетсек, «Хайят Тахрир аш-Шам» (ХТШ) тобы «Әл-Қаиданың» (Қазақстанда тыйым салынған — авт.) бұрынғы сириялық бөлімі және Сирияның солтүстік-батысының бір бөлігін бақылайды. Бұрынғы жылдары бұл топ «Джабхат ан-Нусра» деп аталды, бірақ кейін «Әл-Қаидадан» алшақтау үшін атын өзгертті.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Сирия басшысы көтерілісшілермен күресті жалғастыруға уәде берді | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 4 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1015Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля