Жаңалықтар

Судан ыдырау алдында тұр

Бұрын жер көлемі жөнінен әлемде Қазақстаннан кейін 10-орын алатын Судан мемлекеті 2011 жылы екіге бөлініп кетіп, Оңтүстік Судан мемлекеті пайда болған еді. Солтүстік Судан халқының 95 пайызы мұсылмандар болса, Оңтүстік Судан халқы – негізінен христиандар. Сол кезден бері Солтүстік Суданның ішінде қарулы қақтығыстар тоқтамай, енді оның өзі тағы бірнеше бөлікке ыдырау алдында тұр. Бір-бірімен соғысып жатқан генералдар ел аумағында екі үкімет құрылатынын жариялады. Қарулы күштердің қолбасшысы Абдел Фаттах әл-Бұрханмен қақтығысқа түскен Жедел әрекет ету күштерінің көшбасшысы Мұхаммед Хамдан Дагало өзіне бағынышты аумақта азаматтық әкімшілік құратынын айтты. Генерал әл-Бұрхан да Порт-Суданда өтпелі үкімет құруға кірісіп кетті. Ел астанасы Хартум соғысып жатқан тараптардың майдан аймағына айналғандықтан, елордалық рөлін орындай алмай қалды. “Біз соғыс қарсаңында тұрмыз. Егер қақтығыстарды тез арада шеше алмасақ, Судан бөлшектеледі” деп мәлімдеді әл-Бұрхан.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Судан ыдырау алдында тұр | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля