Ғибрат

Сәби сенімі – кәміл сенім

Пайғамбарымыз былай деген: «Барлық балалар мұсылмандыққа бейім болып туылады. Кейін оларды ата-аналары христиан, яһуди және дінсіз етеді.» (Табарани).

Әлқисса.

Анасы бөлменің жарығын сөндіріп, кішкентай баласын ұйықтатуға ыңғайланды. Бала бөлме қараңғылығынан қорқып, мазасыздана ұйықтамай жатыр. Сәлден соң бұлт арасынан жарқ етіп шыққан ай нұры терезе арқылы үй ішінің қараңғылығын сейілте бастады. Бала анасынан: «Бұл не?» деп сұрады.

Анасы: «Ол – аспандағы ай ғой» деп жауап берді.

«Ай аспанның шамы ма?» деп сұрады бала.

Анасы: «Иә!» деді.

«Алла тағала аспанның жарығын өшіріп ұйықтай ма?» деді бала тағы да.

Анасы: «Жоқ! Алла аспанның жарығын сөндірмейді және ол ешуақытта ұйықтамайды, тіпті қалғымайды» деді.

Анасының сөздері бала жүрегіне тыныштық ұялатқандай болып, бәсең дауыспен: «Алла тағала ұйықтамай, ояу тұратын болса, ештеңеден қорықпай ұйықтай берейік, иә?» деді…

 

* * *

Балаларға иман, Құран кәрім және Аллаһу та’аланың әмірлерін үйретіп сонымен жүруге дағдыландырса, дін және дүние бақытына қауышады. Бұл бақытқа, сауапқа ата-анасы, ұстазы да ортақ болады. Егер балаға бұларды үйретпесе және бұларды әдетке айналдырмаса ол бала бақытсыз болады. Әрбір жасаған жамандықтарының күнәсі ата-анасына, ұстазына да жазылады.
Мұсылман – қол астындағылардан жауапкер болады. Хадис шәрифтерде былай делінді:
«Барлығың бір үйірдің бағушысы секілдісіңдер. Бағушы үйірін қорғағаны секілді сендер де үйлеріңдегі және қол астыларыңдағы адамдарды жаһаннамнан қорғауға тиіссіңдер! Оларға мұсылмандықты үйретпесеңдер олар үшін жауапты боласыңдар!» (Мүслим)
«Балаларына Құран кәрім үйреткендерге немесе Құран кәрім ұстазына бергендерге үйретілген Құран кәрімнің әр бір әрібі үшін қасиетті Қағбаны 10 рет зиярат еткеннің сауабы беріледі және қиямет күні басына дәулет тәжі киіледі. Бүкіл адамдар оны көріп қызығады.» (С. Әбәдийа)
«Көп Мұсылман балалар әкесінің кесірінен Уәйл атты жаһаннамға түседі. Өйткені бұлардың әкелері тек ақша табу және көңіл көтеру құмарлығына түсіп, тек дүние істерін қуалап, балаларына мұсылмандықты және Құран кәрімді үйретпеді. Мен мұндай әкелерден ұзақпын. Олар да менен ұзақ. Балаларына дінін үйретпегендер жаһаннамға түседі.» (С. Әбәдийа)

0

Автор публикации

не в сети 22 часа

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля