Мақалалар

Тәңір және «тәңіршілдік»

Тарихта түркі мемлекеттері күшейген тұста, Тәңір сенімі едәуір дәуірледі. Керісінше, түркілердің саяси қуаты кеміген кездері, Тәңір сенімі өзінің түпнұсқалығын сақтай алмай құлдырады. Жалпы, Тәңір сенімі тарихтағы бірнеше алып мемлекеттің діни нанымына айналды. Олар: Б.з.б. ІІ ғасыр басында пайда болып, Б.з. IV ғасыр аралығына дейін өмір сүрген Ғұн империясы және Б.з. VI ғасырдың орта шенінде құрылып, VIII ғасырдың ортасына дейін билік құрған Түрік қағанаты. Одан өзге Тәңір сенімін Үйсін, Қаңлы, Ұйғыр, Қырғыз, Түркеш, Қарлық, Қимақ, Қыпшақ ұлыстары да ұстанғаны тарихтан белгілі. Түркілердің арғы тегі саналатын ғұндар Еуразия кеңістігінде бірнеше ғасыр бойы өзінің саяси үстемдігін жүргізді Б.з.б. І мыңжылдықта қазіргі Моңғолияның оңтүстігіндегі Ордостан Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның ұлан-байтақ кеңістігін мекендеді. Қытай деректерінде ғұндардың Б.з.б. ІІІ ғасырдың аяғында саяси қуаты артып, Тынық мұхиты мен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жетісу жеріне дейінгі аймақты, кейін батысқа қарай кеңейіп, Еуразия даласының басым бөлігін өзіне бағындырды. Б.з.б. 206 жылы ғұн тайпаларын Мөде тәңірқұты (қытайша «шаньюи») біріктіріп, шығыстағы Қытайды жаулап алып, өзіне салық төлеттірді. Б.з.б. 177 жылы батыстағы юечжилерді өзіне қаратты. Б.з.б. 177 жылға дейін Кореядан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Сібірдің Байқал, Енесей өңіріне дейінгі аумақта тұратын 36 мемлекетті ғұн қағанатының құрамына кіргізеді. Бір сөзбен айтқанда, Тынық мұхитынан Каспий теңізіне дейінгі аралықты бағындырып, Ұлы Ғұн империясының негізін қалайды. Қытай жылнамасында Мөде тәңірқұтының «Көк Тәңірі жарылқауымен әскерінің аман, аттарының жараулы болуына» орай төңірегіндегі елдерді бағындырғандығы айтылады. Тағы бір қытай жылнамасында Мөде тәңірқұтының Б.з.б. 202 жылдың басында көктемде ордасында тасаттық беріп, мамыр айында Лұңчын қаласында үлкен жиын өткізіп, ата-баба әруағына, Көк Тәңірге, жерге, жын-перілерге арнап құрбандық шалады. Күзде жылқы семірген кезде, бүкіл халық орманда жиналып, мал-жанның есебін алатынын хабарлайды. В.С.Таскиннің хабарлауынша «Ғұндар жылына үш рет Лунциге жиналатын. Ол жиындар бірінші, бесінші, тоғызыншы айларда өтіп отырды. «Сюй» деп аталатын мерекелерінде Көк рухына құрбан шалатын». Бұдан басқа да қосымша деректерде саралай келіп, прототүріктердің* Көк Тәңір сенімінде болғанын аңғарамыз. Біздіңше осы Ғұн дәуірінен бастап Көк Тәңір сенімі мемлекеттік деңгейге көтерілген секілді. Әйткенмен, Вольфрам Эберхард Көк Тәңір сенімінің шығу тарихын Б.з.б. 1500 жылдарға апарады. Ол Қытай тарихындағы Тәңір сенімінің тарихына тоқталып, бұл діни наным көшпелі түркілердің ықпалымен Б.з.б. 1500-1050 жж аралығында қытайға сіңді деп есептейді. Тіпті, түркітанушы Гуйла Немет Тәңір сенімінің пайда болуын одан арыға дейін апарып, Месопатамиядағы шумерлердің құдайларының бірі «Дингир» мен түркілердің құдайы «Тәңірдің» ұқсастығына тоқталады. Бірақ, біздің қолымыздағы деректер «Тәңір» сөзі түркілерде қадым заманнан қолданыста болса да, «Көк Тәңірі» сенімі Ғұн билеушісі Мөде тәңірқұтының дәуірінде діни наным ретінде жүйеленгенін көрсетіп отыр*. Көне түркілердің тарихын зерттеуші В.Шмидт ғұндардың нанымы «монотеизмге бағытталған дамыған дінге» айналғанын айтады. Сондықтан біздің пайымдауызша монотеизмге негізделген Көк Тәңірі сенімі Ғұн дәуірінен бастап теологиялық тұрғыда жан-жақты жетіліп, мемлекеттік дінге айналған. Б.з.б. І ғасырдың орта шенінде ғұн мемлекеті ішкі талас-тартыстан әлсіреп, бұрынғы вассалдарынан айырылып қалады. Өз ішінен солтүстік және оңтүстік болып бөлінеді. Солтүстік ғұндар Саян мен Байкал өңіріне, оңтүстік ғұндар Ордос маңын мекендейді. Көп ұзамай оңтүстік ғұндар Қытайдың бодандығына түседі. Теріскейдегі ғұндар Орталық Азияға қоныс аударып, Үйсіндер мен Қаңлылардың жеріне ауа көшеді. Қытайдың қысымына шыдас бермеген ғұндар одан әрі қарай күн батысқа жылжып, Еуропаға өтеді. Батысқа ауған ғұндар Рим империясын талқандап, кейін өздері ассимилияцияға ұшырап, Еуропаға сіңісіп кетеді. Ал түркілер құрған келесі империя – Түрік қағанаты еді. Түрік қағанаты VI ғасырдың орта шенінде пайда болды. Қағанаттың негізін салушы Бумын қаған эфталиттер және қытайлармен ұзақ уақыт күресіп, оларды жеңіп 552 жылы алғашқы Түрік қағанатын құрды*. Көшпелілер құрған қағанат өзінің әскери күш-қуатының арқасында аз уақытта Еуразия ареалында қуатты мемлекетке айналып үлгерді. Түрік қағанаты Қытай патшалығына салық төлеткізіп, көрші Византия және Иран империяларымен терезесі тең мемлекетке айналды. Алайда, Еуразиядағы ұланғайыр аумақты бір орталықтан басқару қиын болғандықтан, түркілер Мұқан (553-572) және Естеми (554-576) қағандардан кейін 582 жылы Шығыс Түрік және Батыс Түрік әкімшіліктеріне бөліне бастады. Үнді радикалдары құлшылық орнын заңмен қудалады 07.08.2023 Садио Мане умра жасады 07.08.2023 Түрік қанағаты VI ғасырдың екінші жартысында Шығыс пен Батыс арасын жалғаған Жібек жолына иелік етіп, Еуразия кеңістігінде ғасырға жуық уақыт салтанат құрды. Кейін ішкі-сыртқы саяси, экономикалық, әкімшілік және діни мәселелердің орын алуына байланысты біртіндеп әлсірей бастады. Әсіресе, Қытайдың Сую династиясы түркілерді іштен ірітуге көп күш жұмсады. Әуелгіде Шығыс және Батыс болып әкімшілік аумаққа бөлінген Түрік қағанаты 604 жылы ресми түрде Шығыс Түрік қағанаты және Батыс Түрік қағанаты болып ыдырады. Түрік қағанатың әлсіруіне және екі қағанаттың жауласуына сыртқы күштердің әсерімен қатар олардың бір бөлігінің Тәңір сенімінде, бір бөлігі будда дініне өтуі түрткі болды. Шығыс Түрік қағанаты Тәңір сенімінде, Батыс Түрік қағанаты билеушілерінің будда дінін қабылдады. Өз дәуірінің алып империясы саналған Түрік қағанаты ыдырағанмен, оның орнына тарихтың әр кезеңінде Шығыс Түрік, Батыс Түрік, Хазар, Бұлғар, Түркеш, Қарлық, Ұйғыр, Қырғыз, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Моғол-Татар т.б. қағанаттар құрылды. Бұл мемлекеттердің халқының негізгі дені түркілердің әу бастағы Тәңір сенімін ұстанды. Сыртқы ықпалдастықтың әсерінен аракідік өзге діни сенімдерге бет бұрған немесе басқа діннің атрибуттары еніп кетіп отырғанын жоққа шығаруға болмайды. Десе де, орта ғасырлық дереккөздерде аталған түркі қағанаттары тұрғындарының басым көпшілігі Тәңірге иланғанын жеткізеді. Өзге діндердің ықпалына ұшыраса да, ту бастағы діни нанымы Тәңір сенімінің сарқыншақтарын қатар ұстанып, оларда синкретті діни дүниетаным қалыптасқан болуы да мүмкін. Қалай дегенде де, түркілердің басым бөлігі ислам дінін қабылдағанға дейін Тәңір сенімін ұстанғаны белгілі. Түркілер иланған Тәңір сенімі теологиялық өлшемдерге салып қарағанда, қандай нанымға жататынын кесіп-пішіп айту қиын. Бүгінге күнге келіп жеткен мәліметтердің әртүрлі болуына байланысты, Тәңір сенімі хақында бірізді ғылыми тұжырым қалыптаспаған. Оның көптеген себептері бар. Тәңір сенімін ұстанушылар тарихтың әр кезеңінде әртүрлі ықпалдасудың нәтижесінде бұл нанымның түпнұсқасын сақтай алмаған. Сондықтан қазіргі ғылыми айналымдағы тарихи деректерде Тәңір сенімі ала-құла күйде көрініс береді. Орта ғасырлардағы көшпелі түркілердің Еуразия даласындағы тарихи үдерістерге белсене араласуы, олардың мәдени бет-бейнесін ғана өзгертіп қойған жоқ, діни дүниетанымының алажаңқа күйге түсуіне әсер етті. Тіпті, кейбір түркі тайпаларының тым оқшау өмір сүруі де діни нанымының дамымай, керісінше дағдарысқа түсуіне негіз болды. Ғаламдық ықпалдастықтың немесе тым қатты оқшауланудың әсерінен Тәңір сенімінің түпнұсқасы сақталынбағаны аңғарылады. Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген Конфуций өз шығармаларында Тәңір сөзінің баламасы ретінде «Тянь» сөзін негізге алған. И.Кафесогулының пікірінше сол дәуірде қытайларға «Тәңірі» түсінігі әскери қуаты мол түркілер арқылы енген. Түркілер саяси қуаттылығының арқасында отырықшы халықтарға әсер етіп, өз діни сенімдерін де халықаралық деңгейге көтерген. Ал түркілердегі Ұлы Жаратушы деп саналған «Тәңірі» сөзі ескі шумер тілінде «Dingir» (Дингир) деп аталған. Тәңір тақырыбына қалам тартқан зерттеушілердің көпшілігі түркілердегі «Тәңір» сөзі мен шумер тіліндегі «Dingir» (Дингир) сөзінің тілдік ұқсастығына тоқталып өтеді. Дегенмен, зерттеушілер Қосөзен (Месопатамия) өңірін мекендеген шумерлерге де «Dingir» (Дингир) сенімі Орталық Азиядан келгендігін айтады. Тілші-лингвист Стефан Георгтің пайымынша «Тәңірі» ұғымы прото-Енисей тілінде «жоғары құдірет» сөзінен келіп шыққан. Жалпы, Тәңір сенімі көне дәуірде көптеген халықтардың діни сенімі болғанымен, зерттеушілердің көпшілігі оның шығу тегі Сібір мен Алтайды мекендеген түркі қауымына тән екендігін алға тартады. Яғни, Стефан Георгтің пайымы өзге зерттеушілерден тұжырымына қарағанда, Тәңір ұғымын Сібір халықтарына телуімен ерекшеленеді. Бұл шындыққа жақын байлам болуы мүмкін. Тәңір – ежелгі түркілердің илаһи сенімі болғанмен, әлемдік әртүрлі ықпалдастықтың нәтижесінде бұл нанымның тұпнұсқасы сақаталынбады. Исламға дейінгі кезең үшін ғана маңызды саналатын Тәңір сенімін бүгінде әртүрлі күштер өздерінің бас пайдасына жаратуды көздеп, еліміздің рухани тұтастығына сына қағуды көздеуде. Теолог М.Исаханның көзқарасынша, қазіргі «тәңіршілдердің» бет алысына қарап, оларды былайша бірнеше санатқа бөлуге болады. Бірінші тобы, ХІХ ғасырдағы Ресей ориентализмінің жымысқы саясатын ұқпай, сол дәуірде жазылған шығыстанушылардың тезистерін ақиқат санап, онымен қаруланып, исламға қарсы шығуда. Олар жалаң ұлтшылдыққа беріліп, ислам дінін тек арабқа теліп, қазақ халқының исламға дейінгі өзінің байырғы сеніміне оралу керектігін айтуда. Екінші тобын кешегі Кеңес үкіметінің номенклатурасы құрайды. Олардың көпшілігі атеизммен уланғандар. Ислам құндылықтарын ұстану нәпсісіне ауыр тигендіктен, ештеңені талғамай емін-еркін жүріп тұруы үшін олар өздерінің қиялынан тәңіршілдік сенімін жасап алып, сонымен өмір сүргісі келеді. Үшінші бір тобы, ислам атын жамылған әл-Кайда, Талибан, Хизбут-Тахрир, ДАЙШ, ән-Нусра, Тәкфир әл-Хижра секілді террористік ұйымдардың лаңкестік іс-әрекеттеріне наразылық танытамын деп білместіктен Хақ дінге қарсы келуде. Түйін Алаштың рухани бірізділігін қалыптастыру үшін бұл мәселеніңің қоясын көтеріп жүрген діни топ өкілдеріне теологиялық оңалту жұмысын жүргізу қажет. Алайда, тәңіршілдермен парасат шеңберінде сұқбат құрған абзал. Себебі, оларға қатты кейіген болсақ, ертең мұсылмандарды «әсіредіншіл» деп шығуы ғажап емес. Нақты деректерге сүйеніп, «тәңіршілдік» тенденциясының мәні жоқ екеніне көздерін жеткізсек, соның өзі жеткілікті деп ойлаймыз. Ермек МҰҚАТАЙ, ҚМДБ-ның ШҚО бойынша өкіл имамы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы * сақтар мен ғұндар * Бұл мәселеге алда кеңірек тоқталатын боламыз. * Қазіргі Батыс Моңғолия мен Оңтүстік сібір, Шыңжан Тегтер: басты тақырыпдіни ағымсектаТәңіртәңіршілдікТүрік қағанаты

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Тәңір және «тәңіршілдік» | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля