Жаңалықтар

Төрегелді Шармановтың соңғы жазбасы: “Өмір – бір тылсым дүние…”

Халқымыздың белгілі гигиенист-нутрициолог ғалымы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов бүгін 94 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері тамақтану физиологиясына арналған. Ол тамақтану тәртібінің бұзылу себептерін зерттеп, адам денесінде ақуыз, дәрумен жетіспеу жөнінде тұжырым жасады; мешел ауруының даму механизімін ашты. Оның басшылығымен емшектегі балаларға арналған «Бөбек», «Аруана», «Антихолестерин» тағам қоспаларын шығарды. Оның бастамасымен 1978 жылы Дүниежүзілік денсаулық ұйымы (ДДҰ) мен ЮНИСЕФ-тің Халықаралық Алматы конференциясы өтіп, онда медицина санатының алғашқы жәрдемнің ұлттық жүйесін ұйымдастырудың ұстанымдары алғаш рет тұжырымдалған Алматы декларациясы қабылданды. Төрегелді Шарманов әлеуметтік желіде белсенді болатын. Ол тамақтануға қатысты пайдалы посттар шығарып тұратын. Ал оның инстаграм желісіндегі соңғы жазбасы өмірдің сырына арналыпты. Биыл 28 ақпанда жариялаған постта былай деп жазыпты: “Әр адамның өмірі бір салынған самал әуендей, айтылған адуын жырдай, күмбірлеген күміс күйдей, сыздықтап басталып, толқындай иірімденіп, буырқанып, қыран құстай қалықтап, ашық аспан астында күн мен айдың нұрына шомылып, әлемге үнін естіртіп, Тәңірдің пешенеге жазуымен тайталас-тартыс жетегінде жүргенде сынаптай сырғып өтетін, ешкімнің уысында мәңгі қалмайтын, әр көңілде арман болып ұялап, бақиға аттанатын бір тылсым дүние. Адам Ата мен Хауа Ана заманынан бері қаншама дәуір дүбірлеп өткенімен, адам жанының құпиясы жұмбақ күйінде қала бермек. Адам баласы өзіне белгіленген уақыт-өмірін сүріп, өнерін көрсетіп, қайтадан аспандағы көп жұлдызға айналатындай, айналмалы тылсым дүниедегі бір қонақ тәрізді. Ешбір жанға өмірге келуінің сыры жайлы түсінік берілмеген, бойына біткен күш-қуаты, жігер-дарыны, қаны мен қасиетіне сай жер бетіндегі өзіне дайындалған рөлін сомдап, тек өзіне арналған сый-сыяпатын, қуаныш-бақытын иемденіп, тауқыметі мен қияметін арқалап, тоқтауды білмейтін уақыт диірменіне түсіп кете баратын жалпы адамзат баласының ғұмыры мәңгілік сапар үстінде десе болар.” Ғалым ағамыздың жаны жәннатты болсын!

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Төрегелді Шармановтың соңғы жазбасы: “Өмір – бір тылсым дүние…” | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля