Флешмоб акциясы Қызылқоғада жалғасты
Бүгін Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» атты флешмоб акциясы Қызылқоға ауданы Миялы ауылының спорт мектебінің тәрбиеленушілері арасында өз жалғасын тапты.
Флешмоб барысында қатысушы жастар патриоттық әндерге флешмоб биін орындап, «Экстремизмге жол жоқ», «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» деп ұрандатты. Сондай-ақ, қазіргі таңда қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі — діни экстремизмнің алдын алу бойынша теріс діни ағымдардың зияны туралы толық ақпарат берілді.
Шараға қатысушылар өз тарапынан діни экстремизм мен терроризмге қарсы шаралардың жиі ұйымдастырылуы қажет екенін, алдағы уақытта осындай шаралар жалғасын тапса деген ниеттерін білдірді.
Акция соңында флешмобқа қатысушы жастарға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс айтылып, бейбіт елдің жастарын ел игілігі жолында жұмыла еңбек етуге шақырды.