Мақалалар

ШЕТЕЛДЕГІ БЕЙРЕСМИ ДІНИ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ РАДИКАЛДЫ ИДЕОЛОГИЯЛАРДЫ ТАРАТУҒА ӘСЕРІ

Шетелдегі бейресми діни оқу орындарында білім алу қазіргі таңдағы маңызды әрі күрделі мәселелердің бірі. Бұл мәселені талқылағанда бірнеше факторлар келтіруге болады. Бейресми діни оқу орындары деп заңды түрде тіркелмей, ешқандай бақылаусыз қызмет көрсететін оқу орындарын айтады. Яғни, бейресми мекемеде білім алатын тұлғаларға радикалды түрде білім берілетін ықтималдылық басым болып келеді. Оқу орындары кейде діни ағартушылықпен емес, белгілі бір теріс идеологияларды үйрету мақсатында ашылады. Сондай-ақ бейресми діни оқу орындары шектен тыс радикалды немесе экстремистік көзқарасты қалыпты түрде қабылдауға шақырады.

Шетелдегі бейресми діни оқу орындары кейде жастарды терроризм немесе радикалды топтарға тартатын насихат алаңына айналуы мүмкін. Әлеуметтік тұрғыдан жағдайы төмен, қоғамнан бөлінген, діни білімі төмен, толық емес отбасы мүшелерінің балалары бейім келеді.

Шетелдегі діни білім алудың тағы бір кемшілігі: белгілі бір елдің мәдениеті мен діни үкімдерін жастардың бойына сіңдіреді. Мысалы, кейбір шетелдік діни ұйымдар өздерінің идеологиясын насихаттауды мақсат етеді. Интернет желісінде оқу ақысы төмен немесе тегін оқытады деп жылтыр жарнама арқылы шақыратыны мәлім. Құқықтық тұрғыдан, бейресми оқу орындарын бақылауда ұстаудың өзі қиын. Себебі, оқу орнында берілетін бағдарламалар мен олардың жұмыстарын, қойылған жоспар мақсаттарын қадағалау қиындық тудырады. Қазіргі таңда интернет арқылы онлайн және офлайн форматта бейресми діни оқу орындарынан білім алуға деген еркіндік берілген. Әр адамның қажеттілігін жаба алатын сиқырлы таяқшасы бар секілді көрінеді. Мұндай ресурстар арқылы білім алған адамдар радикалды идеологияларға бейімделуі мүмкін. Сондай-ақ бастапқыда бейресми діни оқу орындары радикалды идеологияларды бірден насихаттамайды. Кейде радикалды топтар дәстүрлі білімді шектеп, тек өздеріне ыңғайлы пікірді ұсынуға тырысады. Олар шариғатты барынша бұрмалап, оны өздерінің жеке мақсаттарына пайдаланатынын көруге болады.

Шетелдік бейресми оқу орнында білім алған тұлғалардың қоғамға тигізетін кері әсерлері өте көп. Мысалы, сол елдің өмір салтына бейімделіп, діни идеологиясының ұшқынын елімізге тарататыны сөзсіз. Сондықтан қандай да бір тұлға өзінің қауіпсіздігі үшін барынша ресми түрде тіркелген оқу орындарын таңдағандары абзал. Шетелде берілетін діни білімге әуестенудің қажеттілігі жоқ. Бейресми оқу орындарының басым көпшілігі медресе немесе университет секілді қызмет көрсетпейді. Керісінше, қысқа мерзімді курстарды оқытатынын біріміз білсек, біріміз білмейміз. Аталмыш бейресми курстардан білім алған тұлғалардың басым көпшілігі такфирлік немесе сәләфизм ағымдарының идеологиясымен білім береді. Сондай-ақ оқуға келген тұлғаларға барынша қамқорлық көрсететіндей сыңай танытады. Қаржылай түрде көмек қолдарын созуға дейін барады.

Қазіргі таңда бейресми діни білім алуды Сауд Арабиясы, Кувейт, Иран, Пәкістан, Қатар сынды мемлекеттер ұсынады.

Жастарға беретін кеңесім: еліміздегі ресми түрде тіркелген медресе, университеттерді таңдауға шақырамын. Діни тұрғыдан улану ол адамға байқалмайтын дүние. Қоғамға кері әсерін бермейтін, жастарымыздың санасын уланбауына қарсы иммунитет қалыптастыру қажет. Сол себепті ҚМДБ-ның рұқсатымен шетелде білім алуды қолға алса, радикалды идеологиядан сақтануға деген барынша күш жұмсағанымыз болады. Еліміз тұрғындардың ресми түрде тіркеліп, қызмет көрсететін діни оқу орындарын таңдауға шақырады. Сондай-ақ шетелге діни білім алуға кететін тұлғалар ең бірінші кезекте еліміздегі медреселерден бастапқы діни білімді алуы қажет. Себебі, шетелдің кейбір діни үкімдері халқымыздың өмір салтына сай келмейтіні сөзсіз. Білім алушының психологиялық түрде қалыпты мінез-құлқы болуы қажет. Діни білім алу кезінде студентте діни фанатизм сезімі оянып кетуі мүмкін. Өйткені, діни фанатизм адамды құрдымға апаратын дүние.

Қорыта келе, еліміз зайырлы мемлекет болғандықтан, қандай да бір дінге артықшылық берілмейді. Мемлекет алдында барлық діндер тең дәрежеде. Сондықтан әр адам өзінің білім алатын орнын барынша зерттеп, толықтай дұрыстығына көзі жеткеннен кейін, білім алуға барғаны дұрыс. Алла тағала жастарымыздың адасуынан сақтасын дегім келеді.

 

 

Малика РУСТАМҚЫЗЫ

 

 «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан

 жапа шеккендерге көмек орталығы»

қоғамдық қорының теолог маманы

0

Автор публикации

не в сети 10 часов

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1052Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля