Мақалалар

ШЕТЕЛДЕ ДІНИ БІЛІМ АЛУДЫҢ ҚАУПІ

Әуелі үйренетін бір ғылымың,

Өзінің мұсылманша дін ғылымың.

Шарттарын исламның кәміл білсең,

Ахиреттік азық берер шын ғылымың.

(М.Дулатұлы)

Қазіргі кезде дінге бет бұрып жатқан  жастарымыз да, ересектеріміз де көбеюде. Демек, көбейген сайын діни білімге деген құштарлық та арта түсуде. Алайда, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өңірлерде толыққанды діни білім беру орталықтары жүйелі түрде қалыптаспаған еді. Соның кесірінен кейбір жастарда шетел асып, күмәнді діни оқу орындарынан білім алуынан басқа таңдау болмады.

Алайда, шетелде діни білім алу күмәнді, үлкен қауіпке әкелді. Себебі, базалық діни білімнің болмауының әсерінен деструктивті діни  ағым идеологиясының жетегіне еріп кету қаупі басымырақ болады.

Күмәнді діни орталықтарды атап өтсек, басым көпшілігі: Пәкістан, Сауд Арабиясы, Иран, Катар, Кувейт, Йемен мұсылман мемлекеттерінде орналасқан. Күмәнді діни оқу орындарынан білім алып келген  студенттер Отанына орала отырып, алған діни біліміне деген сенімділікпен өз ортасына «қалай дұрыс өмір сүру керектігін» үйрете бастайды.

Әдетте, мұндай әрекеттер жақын адамдарынан басталады. Сондай — ақ, күмәнді діни оқу орындарынан білім алып келген студенттер халық арасында деструктивті діни идеологияның таралуына себепші болып жатыр. Соның нәтижесінде Қазақстанның әр аймағында террорлық әрекеттер орын алды. Олардың бірнешеуіне тоқталсақ:

2011 жылдың 17 мамырында Ақтөбедегі ҰҚК департаментінің ғимаратында 25 жастағы Рахымжан Махатов өзін-өзі жарып жіберді.

2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласының тұрғыны жалғыз өзі террорлық әрекет ұйымдастырды. Оқиға барысында лаңкестің ізін кесуге әрекеттенген құқық қорғау органдарының бірнеше қызметкері және қала тұрғыны қылмыскер қолынан қаза болды.

2016 жылы Ақтөбе қаласында 5 маусым күні экстремисттік көзқарастағы 26 азамат «Паллада» қару-жарақ дүкеніне кіріп, суық қаруларды ұрлап шыққан. Шабуылдың салдарынан 9 адам қаза тауып, 38 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған.

Жоғарыда аталған террорлық оқиғаларға итермелейтін күш – шетелдік деструктивті діни оқу орындарының білімдері мен жат құндылықтары. Шетелдің күмәнді діни оқу орындарында тәкфирлік, жиһадилік, радикалдық құндылықтарды үйретеді. Осындай күмәнді діни оқу орындарын тәмамдап келген азаматтар санасы таза жастардың миын улап, діни экстремистік идеяларды құю нәтижесінде қайғылы трагедиялық оқиғалар орын алып отырған.

Әйтсе де, шетелде діни білім алуды екіге бөліп қарастырған жөн. Біріншісі — жоғарыда аталып кеткен күмәнді діни орындар болса, екіншісі — Қазақстан мұсылмандар діни басқармасымен меморандум келісімі бар діни орталықтар.

Атап өтсек, ислам әлеміне әйгілі Мысыр еліндегі «әл-Азһар» университеті және Түркия жеріндегі «Хасаки» Ислам академиясы.

Шетелден бөлек, қазіргі уақытта Қазақстанда ислам білім ордасына айналған  «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті жылына 600-ге жуық шәкірт қабылдап сапалы білім беруде.  Одан бөлек 9 медресе-колледж жұмыс істеуде.

Қорытындылай келе, білім ізденген студент жастар діни базалық білім алмай, шетелге діни білім алуға шығудың салдарынан жоғарыда айтылған теріс идеологияға қолшоқпар болып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан да болашағын исламтану ілімдеріне арнаған жастар өз  Отанында да кәсіби, білімді алудың барлық мүмкіндігі жасалғанын ескергені абзал.

Еламан АСҚАР

«Шапағат» деструктивтік діни

 ағымдардан жапа шеккендерге

 көмек орталығы» қоғамдық қорының

 теолог маманы

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля