Мақалалар

Этносаралық келісім – ел бірлігінің кепілі

Мемлекетіміз егемендік пен татулықтың, бейбітшілік пен келісімнің төртінші онжылдығына аяқ басты. Егемен Қазақстан Республикасының қара шаңырағында 130-дан астам ұлт пен ұлысты, 18 конфессия өкілдері өмір сүреді. Олардың ортақ мәмілеге келуі, бірлікте өмір сүруі ел ертеңі үшін аса маңызды. Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту басты мақсаттарының бірі болды. Барлық азаматтардың мүдделерін қорғауға елдің негізгі заңы – Конституция кепілдік береді. Сондай-ақ біздің елімізде діни сенім бостандығына кепілдік берілген және дін мемлекеттен бөлінген.

Еліміздегі барлық этностар өздерінің ұлттық тілі мен әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдениетін дамытуға деген ұмтылысын, ынтасын байқап, еліміз барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз етіп қана қоймай, ұдайы қолдап отырады. Мемлекеттік саясат елімізде нәсiлдiк, этникалық, тiлдiк, дiни және өзге де белгiлерiне байланысты кемсітуге жол бермеy туралы нақты ұстанымда екендігін айта кеткен жөн. Яғни, еліміздегі барша ұлттың өкілдері теңдікте өмір сүріп жатыр деуге болады.

Ел тәуелсіздігінің баянды болуының бір тетігі мемлекетіміздің 30 жылдан бері жүргізіп келе жатқан этносаясатымен тығыз байланысты. Осы уақыт аралығында әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдер қатарына қосылу мақсатында ел дамуының стратегиялық бағыттарын қалыптастырды. Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылуы, мемлекеттің тұрақты дамуымен және өз кезегінде ел ішіндегі ұлтаралық бейбітшілікті қамтамасыз етуімен тікелей байланысты. Ал мұндай мақсатқа жету үшін қазақ қоғамының мемлекеттілігі мен саяси тұрақтылығының басты тұғыры – этносаралық үйлесімділік пен келісім.

Ұлтаралық тыныштықты қамтамасыз ету, береке мен бірлікті ұстап қалу үшін 1995 жылдың наурыз айында әлем елдеріне үлгі болып отырған, этносаралық татулық пен тұрақтылықтың үздік көрінісі – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылған еді. Сол уақыттан бастап, Ассамблея біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықтың мекені етіп келеді. Ассамблея ұлттық-мәдени бірлестіктерді, кіші ассамблеяларды біріктіріп, олардың жұмысын үйлестіре отырып, мемлекеттің ұлттық саясатын жүзеге асыруда маңызды рөл атқаруда. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінгі таңда қоғамдағы топтастырушы және біріктіруші күшке айналып отыр. Ол мемлекеттің ұлттық саясатының өзекті міндеттерін шешуге белсенді түрде атсалысады. Саяси оқиғалар мен жағдайларға сараптама әрі болжам жасай отырып, қоғамдық келісім мен татулықты сақтауды қамтамасыз етудің жолдары бойынша өздерінің нақты ұсыныстарын жасап отырады.

Тарих сахнасында ұлтаралық келісім мен дінаралық келісімнің бұзылуынанан көптеген мемлекеттер жоқ болып кетіп, мемлекеттік дәрежелерін жоғалтып алған жәйттер өте көп кездеседі. Басқа да мемлекеттерде қоғамдық бірліктің қозғаушы күші түрлі ұлттар мен ұлыстарға қысымдар жасалып, тілі мен дініне, салт-жоралғыларына, мәдениетіне қарсы әрекеттер жасап, ұлттың бұзылуына себепкер болуда. Дәл қазіргі таңда мемлекетіміз бұндай жағдайларға жол бермей, қайта дамуына барынша көмек беруде. Толеранттық сана, пікір саясат саласы болсын, әлеуметтік ортада қалыптасты.

Ел аумағында тұрып жатқан ұлт пен ұлыстардың бірлігін нығайту мақсатында – Қазақстан халқының бірлігі күні тойланады. Тәуелсіз Қазақстанда мейрам 1996 жылдан бастап тойланады. 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы бұйрыққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылдың 18 қазанында қол қойып, Еңбекшілер күнін тойлаудан бас тартты. Бұл күні Қазақстан Республикасында тұратын халықтарды бірлікке, ынтымаққа ұйытатын мерекелік шаралар өткізіледі.

Қорытындылай келе ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Этносаралық және конфессияаралық келісім – біздің баға жетпес қазынамыз. Біз мемлекеттің болашағы үшін ішкі тұрақтылық пен жалпыұлттық бірлікті сақтауға және нығайтуға міндеттіміз», – деп атап көрсеткен болатын. «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында. Байқағанымыздай ұлттар мен ұлыстардың дамуын, мәдениетін, тілін, дінін сақтау революциялық жолмен емес, эволюциялық жолмен даму қажет екендігін сөзге тиек етті.

 

 А.Тағай

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»

КММ бөлім басшысы м.у.а

 

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля