Сұрақ-жауап

Қабірді зиярат ету, қайтыс болған адам үшін дұға жасау мен осы тақырыпқа қатысты сұрақтар

Өлімді ұмытпау, ақыретті есте сақтау және қабірді өзіңе сабақ алу үшін зиярат ету – бұлардың барлығы діни заңдар емес, алайда жақсы амалдар болып табылады. Сонымен қатар, салиқалы жандардың қабірлерін зиярат ету де жақсы амалдан.
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бас кезінде қабірге баруға тиым салған, бірақ кейін рұқсат берген. Әлиден (оған Аллаһ разы болсын) жеткендей Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:

«Мен сендерге қабірге баруға тиым салдым. Енді бара беріңдер. Себебі ол жер сендерге ақыретті еске салады. Ол жерге барғанда тек жақсы сөз сөйлеңдер».

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің анасының қабірін зиярат еткен. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  бұрын- соңды дәл солай қатты жыламаған.
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) анасының қабіріне барған күні былай деді: «Раббым маған анам үшін дұға етуіме рұқсат бермеді, бірақ қабіріне баруыма рұқсат берді».
Айта кету керек, біз жоғарыда бұл жайлы айтып өткенбіз.
Ибн Әбу Муләйка былай деген: «Бірде Айша анамыз қабірден келді. Мен одан былай деп сұрадым: «Ей, мүміндердің анасы! Сен қайдан келдің?». Ол болса: «Мен қабірден келдім, Абдуррахманның басына бардым»,- деп жауап берді. Мен: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  қабірге баруға тиым салған жоқ па?»,- дегенде ол былай деді: «Иә, басында тиым салған, кейін рұқсат берді». Алайда жоғарыдағы хадистен әйелдер емін- еркін қабірге бара алады деген тұжырым шығармау қажет, себебі олар қабірге келген кезде көп жылап, айқайлайды. Сол себепті, олар қабірге барғанда сауаптан гөрі көбірек күнә табулары мүмкін. Әйелдер қабірге баруы үшін бөгделердің көзіне түседі, ал ол үлкен күнә.
Қабірді зиярат ету – сүннет. Сүннетті орындау үшін адам күнәға ұрынбауы керек. Дегенмен, әйел адамның қабірге баруына ешқандай қарсылық жоқ. Тек ер адамдардың назарын аударатындай жасанып алмаса болғаны. Қабірге дұға ету үшін бару шарт.  Қабір басында тұрып өзгелер жайлы сөз қозғауға болмайды. Әбу Заррдан (оларға Алла разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
«Қабірлерді зиярат етіңдер. Себебі оларды зиярат ету арқылы ақыретті еске түсіресіңдер. Өлгендерді жуындырыңдар. Расында, жансыз денені жуындыру – айқын насихат. Өлген адамға намаз оқыңдар. Бәлкім, осылайша мұң мен қайғыны сезінерсіңдер. Себебі бүгін қайғы құшқан адам ертең Алланың панасы мен көлеңкесінде болады».
Ибн Муләйқа былай деп жеткізеді: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Өмірден озған жақындарыңды зиярат етіңдер, оларға сәлем беріңдер. Себебі оларда сендерге сабақ бар».
Нәфиден жеткендей, Абдуллаһ бин Омар (оларға Алла разы болсын) бір адамның қабіріне келіп оған сәлем берген екен.
Жағфар бин Мұхаммедтің әкесінен жеткендей, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызы мәртебелі Фатима ауық- ауық өзінің ағасы Хамзаның (оған Алла разы болсын) қабіріне барып тұрған. Ол сол жерде намаз оқып, қабір басында жылайтын болған. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Егер кімде кім жұма күні өзінің ата- анасының немесе бірінің қабіріне барар болса, оның күнәсі кешіріледі, ал өзі жақсылардың тізіміне жазылады».
Ибн Сирин Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Расында, егер адамның ата- анасы оған разы болмай, қиыншылық көріп қайтыс болар болса, егер баласы олардың қазасынан соң қабірлеріне келіп, Аллаға олар үшін жалбарынар болса, онда Алла Тағала оны жақсылардың және ата-анасына бағынғандардың қатарына жазып қояды».
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кімде кім менің қабірімді зиярат етер болса, Қиямет күні оған куәлік ету менің мойнымда болады».
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  былай деп айтқан: «Кімде кім Алла разылығы үшін Мәдинаға мені зиярат ету үшін келер болса, Қиямет күні мен оған куәгер боламын әрі шапағатшы боламы».
Каъб әл Акбар былай деген: «Күн сайын таң намазынан соң жетпіс мың періште аспаннан жерге түсіп Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  қабірін қоршап тұрады. Қанаттарын оған тигізіп, Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауаттар айтады. Осылайша жер сілкініп, адамдар қабірлерінен қайта тіріліп,  Пайғамбарымызбен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) және жетпіс мың періштемен бірге Алланың алдына тұрмайынша жалғасады.
0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 985Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля