Жаңалықтар

Қазақстан халқына енді 112 арқылы діни экстремизм қаупі туралы хабарлама жолданады

Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру аясында енді Қазақстан азаматтарына діни экстремизм қаупі және мұндай әрекеттер үшін тағайындалатын жаза туралы SMS хабарламалар жолданады, деп хабарлайды Egemen.kz. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарламалар мәтінімен таныстырды. Бірінші хабарлама: Қазақстан Республикасының аумағында мәліметтер мен материалдар, сол сияқты өзге де өнімдер бар масс-медиа өнімдерін дайындағаны, сақтағаны, әкелгені, тасымалдағаны, таратқаны үшін діни алауыздықты қоздыруға бағытталған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Екінші хабарлама: Тіркелмеген діни бірлестіктердің қызметіне басшылық жасағаны, қатысқаны, олардың қызметін қаржыландырғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 489-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген. Үшінші хабарлама: Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 490-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген. SMS хабарламалар жылына бір мәрте жолданады.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Қазақстан халқына енді 112 арқылы діни экстремизм қаупі туралы хабарлама жолданады | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 4 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1015Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля