Мақалалар

Қандай шет мемлекеттерде діни білім алуға болады?

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ел азаматтары қандай шет мемлекеттерде теологиялық білім ала алатындығын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазіргі таңда қазақстандықтар теологиялық (діни) білімді Египет Араб Республикасы, Түркия Республикасы, Сауд Арабиясы Корольдігі, Иордания Хашимит Корольдігі, Біріккен Араб Әмірліктері және тағы басқа мемлекеттерде алуда. Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) жастарымызды радикалды ағымдардың ықпалынан қорғау мақсатында белгілі теологиялық университеттермен, атап айтқанда «Хасеки» институты (Түркия Республикасы), Әл-Азһар университеті (Египет Араб Республикасы) Ташкент ислам университеті (Өзбекстан) және Ресей ислам университетімен (Ресей Федерациясы) келісімге қол қойған. ҚМДБ ұсынымы болған жағдайда қазақстандықтар жоғарыда аталған оқу орындарының кез келгеніне оқуға түсіп, біліктілігін арттыру курстарынан өте алады», – деп атап өтеді министрліктен агенттіктің ресми сауалына берген жауабында. Мәселен, ведомство дерегінше, ҚМДБ мен Түркия Республикасы Дін істері басқармасы арасындағы келісім аясында 2023-2024 оқу жылына Түркияның «Хасеки» институтына Қазақстаннан 25 азамат оқуға қабылданды. Жалпы аталған оқу орнына 2013-2022 жылдары аралығында 189 Қазақстан азаматтары қабылданып, бүгінгі күні 102 түлек 3 жылғы оқуларын бітіріп, елге оралды. «Сонымен қатар, Әл-Азһар университеті еліміздің жоғары білімді діни кадрларын даярлауда елеулі үлес қосып келеді. ҚМДБ ақпаратына сәйкес аталған оқу орынында 80 студент білім алуда», – деді министрліктен. Қайнар көзі: inform.kz Тегтер: басты тақырыпДіни білім

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Қандай шет мемлекеттерде діни білім алуға болады? | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля