Қандастарға “Ата жолы” картасы табысталды
Бизнес-иммигранттар және сұранысқа ие мамандар саналатын басқа елдің азаматтарына – этникалық қазақтарға Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 55 «Ата жолы» картасы табысталды. Жергілікті атқарушы органдарға «Ата жолы» картасын алуға барлығы 75 өтінім түсті. 2023 жылы 44 карта: бизнес-иммигранттарға 20 карта және сұранысқа ие мамандарға 24 карта берілді. Биыл 11 карта берілді: бизнесмендерге 5 және сұранысқа ие мамандарға 6 карта. Аталған картаны алғандардың арасында инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясы дәрігерлері, педиатрлар және т. б мамандар бар. Олар 15 елден келді: Ресей, Қытай, Ауғанстан, Моңғолия, АҚШ, Аустрия, Израиль, Германия, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Нидерланд, Финляндия, Франция және Түрікменстан. «Ата жолы» картасын енгізудің мақсаты – тарихи отанмен байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау, Қазақстанда олардың әлеуетін іске асыру үшін елге кәсіпқойлар мен табысты бизнесмендерді тарту. Бұл шетелде тұратын этникалық қазақтарға азаматтығын сақтай отырып беріледі.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Қандастарға “Ата жолы” картасы табысталды | Қазақстандағы Ислам