Сұрақ-жауап

Қара көйлек пен қара орамал тарту жайлы Қара көйлек пен қара орамал тарту жайлы

Сұрақ:  Мен қазақы үлгідегі киімдерді киейін десем бір танысым: «Қара көйлек пен қара орамал тартуы керек» дейді. Мен қазақы ою-өрнегі бар ұлттық киімдер кигім келеді. Олай істесем шариғатқа сай бола ма? Танысымның айтқаны туралы не дейсіз?

  • Жауап: Қазақы үлгідегі киімге келсек, ниетіңізге Алла разы болғай. Әйелдердің киім үлгісіне қатысты Ислам дінінде бұйырылған шарттар Құран аяттарында нақты белгіленген. Онда әйелдердің тек әурет жерлерінің жабылу мәселесі ғана қарастырылған. Ал сәндік үлгісі мен түсіне қатысты парыз болып бекітілген қағида жоқ. Осыған орай, ислам аясында қалыптасып дамыған Араб, Парсы, Үнді немесе Түрік өркениеттеріне көз салсаңыз, әр мәдениеттің өзіндік салт-дәстүрлеріне сай киім үлгілерінің таралуын байқауға болады. Олардың әр қайсысы өзіндік ерекшеліктеріне қарай, мәдениеттеріне сай болып тігілгендігін көруге болады. Жалпы Қазақтың мәдениеті бай мұра. Сол себепті, ұлттық құндылықтарды ескере, киіміңізді әшекейлеу ислам негіздеріне қайшы болмақ түгіл, құптарлық бастама. Алла істеріңізге сәттілік нәсіп еткей!

 

 

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля