ҚМДБ төрағасы түркиялық әріптесімен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ыстамбұл қаласында Түркия Дін істері басқармасының төрағасы, Доктор Әли Ербашпен кездесті. Кездесуде бауырлас екі ел арасындағы достық байланыс пен рухани ынтымақтастық жөнінде әңгіме өрбіді. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Доктор Әли Ербашқа мұсылман елдерінің мүфтилері мен дін ғалымдары қатысқан «Дүниежүзілік ислам ғұламаларының жоғары кеңес саммитіне» шақырғаны үшін алғысын айтып, арнайы сый-сияпат жасады. Сондай-ақ Түркия Дін істері басқармасының төрағасын елімізде күзге қарай өтетін Түркітілдес мемлекеттері Мүфтилер алқасының кезекті жиынына шақырды. Одан бөлек, мүфтияттың Түркиядағы жаңадан тағайындалған өкілі, «Талаба» қауымдастығының осы елдегі жетекшісі Абдурашид Қарабаевты таныстырып, діни білім алу бағытында ұсыныстарын жеткізді. Өз кезегінде Түркия мүфтиі бауырлас екі елдің ынтымағы жолында игі істер атқарыла беретінін айтып, ҚМДБ Төрағасының елімізге шақыруын қуанышпен қабыл алды.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: ҚМДБ төрағасы түркиялық әріптесімен кездесті | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 5 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 950Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля