Жаңалықтар

ҚМДБ: 21 528 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары берілді

Жылдағы дәстүр бойынша тамыз айының басында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Мектепке жол» акциясы жарияланған болатын. Жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы бүгін қорытындыланды. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының мәліметіне сүйенсек, биыл республика бойынша 21 528 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары салынған сөмке үлестірілді. Бұл 2022 жылғы акциямен салыстырғанда 3655 оқушыға көп. Сондай-ақ 302 балаға мектеп формасы және 44 балаға 580 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілді. Айта кетейік, мектепке қажетті оқу құралдары көпбалалы отбасылар мен мүгедектігі бар балаларға және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың мектеп жасындағы балаларына тарту етілді. Өз кезегінде ата-аналар мен оқушылар акцияны ұйымдастырушы ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры мен мешіт имамдарына ризашылығын жеткізді. Қайырымдылық акциясына қолдау білдіріп, демеушілік көрсеткен кәсіпкер азаматтарға, мешіт жанашырлары мен жамағатқа, ел тұрғындарына алғысымызды білдіріп, еңбегіне береке, отбасыларына амандық тілейміз! Не арқылы: muftyat.kz Тегтер: мектеп

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: ҚМДБ: 21 528 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары берілді | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля