Қоғамдағы бала тәрбиесі талқыланған жиын
Мақат ауданында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде Л.Шахатов, М.Баймұханов атындағы орта мектебінің оқушылары және ата-аналарымен «Қоғамдағы бала тәрбиесі» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының маманы Р.Алиева, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі С.Халенов, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теолог маманы Ш.Темірқұлұлы, поселкелік аналар кеңесінің төрайымы К.Алишева, АПБ-нің кәмелетке толмағандармен жұмыс бөлімінің инспекторы К.Серікбаева қатынасты.
Теріс діни идеологияның алдын-алу, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған кездесу барысында тәрбие мен білімнің маңызды рөлін ислам дінінің құндылықтарымен сабақтастыра отырып, қоғамдағы өзекті мәселелер талқыға салынды.
Кездесу соңында оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға мамандар нақты жауап берді.