ҚР Үкіметі жанындағы Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі Комиссия отырысы өтті
Атырау облысы әкімі орынбасары Б.Хаменова ағымдағы жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасары Е.Тоғжановтың төрағалығымен бейнеконференция арқылы өткен ҚР Үкіметі жанындағы Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі Комиссия отырысына қатысты.
Комиссия отырысында «Жусан» операциясы аясында қайтарылған азаматтармен оңалту және әлеуметтік бейімдеу жұмыстарының жағдайы туралы» және «Интернет кеңістікте діни радикализм идеологиясының таралуын болдырмау туралы» тақырыптарындағы мәселелер қарастырылды.
Бірінші мәселе бойынша қақтығыс аймақтарынан қайтарылған отбасыларыменқоғамға бейімдеу мақсатында теологиялық, психологиялық жұмыстар жүзеге асырылуда.Қысқа мерзімде білім алу жобасы аясында түрлі мамандықтарға оқытылып, жұмысқа тартылуда.Кейбір әйелдер өз мамандықтары бойынша түрлі қызметке орналасты.
Балалардың барлығы Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттарын рәсімделуде көмек көрсетілді.
Екінші мәселе бойынша қазіргі таңда Ғаламтор желісі деструктивті діни ағым идеологиясын тарату бойынша алдыңғы қатарда тұр.
Сандық есептерге жүгінсек Қазақстан бойынша 1 айдың ішінде әлеуметтік желіге жалпы көлемде 3 миллионға жуық діни теріс ақпараттар салынып таратылады. Бұл тек Қазақстанда ғана, ал шетелден таратылған ақпарат бұданда көп.
Осы бағытта Атырау облысы әкімдігі Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңын басшылыққа алып өңірде дін саласындағы құқық бұзушылықтарға әкімшілік ықпал ету әрекеттерін күшейтті.
2017 жылдан бастап әлеуметтік желіде Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының бұзылуын жол бермеу мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қазіргі таңда Атырау облысы 2019 жылғы діни теріс ақпарат таратушы 34 616 аккаунттар 2020 жылдың 10 айлық қорытындысы бойынша 10 645 адамға азайып, 16 000-нанастам аккаунттар бұғатталды.
Бұл өңірдегі интернет желісі арқылы тұрғындардың санасын улап отырған аккаунттардың 69,3% азайғанын атап өткен жөн.