Жаңалықтар

Ұлттық құндылықтар — тәрбиенің түп қазығы

Ұлт – әр адамның қалыптасуына ықпал етуші фактор екені шындық. Қазіргі жаһандану заманында адам мен ұлтты екі ұғым етіп түсінетіндер де, түсіндіретіндер де аз емес. Мүмкін олардың уәждеріне де келісуге болатын шығар. Батыс және өркениетті елдер бірыңғай кеңістікте өмір сүргесін, оларға ұлттық құндылықтар алдыңғы орында тұрмайтыны да бесенеден белгілі. Алайда, біз сияқты ежелден «отан» , «ұлт», «халық» деген сөздерді қасиетті санайтын қазақ халқында ұлт және ұлттық құндылықтарды екінші орынға қою әсте қиын.

Ұлттық құндылықтар – ұлттық идеяның негізгі өзегі, ұлт қалыптасуының басты факторларының бірі. Осы ұлттық идеяны іске асыратын басты фактор мемлекет болып табылады. Сондықтан да осы мемлекеттік іске салғырт қарамай ұлттық идеяның негізгі бағыттарының тетіктерін жасау қажет. Ұлттық идея – туған жер, өскен орта әсерлерінен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген сезім. Ол – ұлттың болмысы, психологиялық өзіндік ерекшелігі. Ал, осы ұлттық идеологиямыз әлсіз болса барлық салаға өзінің кері ықпалын тигізетіні шүбәсіз.

Отансүйгіштік – ер балаларды тәрбиелеуде таптырмас ұлттық тәрбиенің негізі. «Ежелден ел тілегі – ер тілегі, адал ұл ер боп туса – ел тірегі» демекші әр баланың бойында адамгершілік, батылдық, шыдамдылық, төзімділік қасиеттерін дамытып, жеке тұлғаны қалыптастыруға үлес қосу болып табылады. Жас ұрпақты аға ұрпақтың лайықты мұрагері болу үшін жастарға халқымыздың Отан мүддесі жолында жасаған ерлік істерінің ұлылығын жете түсіндіре отыруымыз қажет. Осы жерде еліміздің тарихы жетекші орын алады. Қазақ елінің тарихын насихаттап, өскелең ұрпақты ұлтжанды етіп тәрбиелейтін, әрқашан мемлекеттік мүддені көздеп, мемлекеттік тәуелсіздігіміздің мәңгі баянды болуын насихаттау жолында аянбай еңбек етуіміз керек. Тарихты оқу арқылы отаншылдыққа, өз халқына, басқа халықтарға деген сүйіспеншілікке, жауынгерлікке, еңбек сүйгіштікке, Отаны үшін кез келген қиындыққа әзір тұруға, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастыққа, қоғам үшін, халық үшін, елі үшін қызмет етуге дайын болуға, адалдыққа, шыншылдыққа, тазалыққа, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, өз мүддесін халық, Отан мүддесінен жоғары қою сияқты қасиеттерге тәрбиеленеді. Ал, мектептегі тарих сабақтарында ерлікке, жауынгерлікке тәрбиелеу күрделі міндет. Осы жерде ержүрек батырлар мен қолбасшылардың қаһармандығын, ерлігін көрсеткен шайқастары туралы толық нақтыланған материалдар болуы тиіс. «Атамекен, туған жер» ұғымы – әрдайым қастерлі де қасиетті ұғым. Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талпынумен бітеді. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім – тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы – тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы – батыр халық. Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ өлкесін қазақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі кейінгі ұрпаққа қашан да болса өнеге болмақ.

Әдептілік тәрбиесі де қыз балаларды еркелетіп һәм сынап тәрбиелеудің таптырмас әдісі десек те болады. Ертеде ата-бабаларымыз әлемдегі сұлулықтың көркем үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді көксеген. Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша болған.Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуына үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған және еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген. «Қыз- мінезді келсін, ұл — өнерлі келсін» деген оймен, қыз тәрбиесіне аса көңіл бөлген. Әрбір ата-ана қыздарын қанаттыға қақтырмай тұмсықтыға шоқтырмай өсіруді парыз деп санаған және қыздың ар-ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін ешуақытта есінен шығармаған. Халқымыз ертеден қызды қонақ деп санап, төріне шығарып күткен. Бұл үрдіс жойылған жоқ, әлі де болса өз жалғасын табуда. Ертеде аналарымыз отбасы ошақ қасында, балаларының тәрбиесіне, ерінің қабағына қарап, сол үйдің түтін тұтатып отырған. Сол аналарымыздың арқасында еліміз ел болып, тәуелсіздігіміз тұғырына қонып, бүгінгідей ұрпақтың, яғни қазақ халқының жер бетінде өмір сүріп жатқандығы деп білеміз. Бұрындары қыз бала әкенің қабағына қарап сөйлейтін. Қазақта «әкенің сөзі-оқ» деген жақсы сөз бар. Бүгінгі қызғалдақ қыздарымыз-ертеңгі ибалы да инабатты келін, болашақ ана, ақ жаулықты әже. Сондықтан иманы мен ибасы жүзінен байқалатын қазақ қыздарына ата-бабаларымыз қырық үйден тыйым салып, көзінен таса қалдырмай, тәрбиесіне үлкен мән берген. 

«Тәрбие – тал бесіктен» демекші, ұрпақтың Отанға, қоғамға қызмет етем, елдің іргесін көгертем деген ұрпақ шығару үшін, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуды тоқтатпауымыз керек.

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы А.Құмарғалиева

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля