Әлеуметтік желіде теріс пиғылды діни ағымдардың жас санасына тигізетін кері әсері
Әлеуметтік желіде теріс пиғылды діни ағымдардың жас санасына тигізетін кері әсері
Кез келген қоғамның негізгі тірегі мен белсенді бөлігі жастар екендігі анық. Сол себепті, еліміздегі жастардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын материялдық және рухани яғни идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету маңызды болып табылады. Әсіресе қазіргі жастар арасында кеңінен тараған түрлі жат діни ағымдардың астыртын көздеген мақсаттары үрей туғызатыны анық. Бұл өз кезегінде жастардың негізгі платформасы болып табылатын интернетте әртүрлі әлеуметтік желілердегі материалдардың мазмұнына үңіліп, сараптама жасауды қажет етеді. Діни радикализм мен экстремизм идеологиясы қоғам санасына ғаламтор кеңістігі мен заманауи электрондық бағдарламалық қосымшалар, жаһандық ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы ақпараттық-психологиялық әсер ету арқылы енуде. Нәтижесінде азаматтардың мемлекетке деген әлеуметтік сенім деңгейі төмендеу, отансүйгіштік сезімі мен төзімділік принциптері құнсыздану, құндылықтық бағыттары мен этикалық нормалары өзгеріске ұшырау, отбасына іріткі салыну, қоғамның жікке бөліну қаупі туындауда. Сарапшылардың мәліметтеріне сүйенсек, көбінесе 17-35 жас аралығындағы азаматтар деструктивті діни ағымдардың жетегінде кетуге бейім келсе, бұл жағдайлардың 80 пайызы теріс пиғылды діни ағымдардың арбауына интернет, әлеуметтік желілер арқылы тап болып жатады.
Діни ағымдардың өкілдері радикалды экстремистік идеологиялардың ықпалымен қоғам мен мемлекетке қарсы зорлық-зомбылық әрекеттерін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға дайын екені белгілі. Бұған әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан радикалды діни ағымдар өкілдерінің қылмыстық істері мен террористік актілері дәлел бола алады. Қоғамда радикалды діни идеялар туралы ақпаратты жүйелі түрде тарату террористер мен экстремистердің өз қатарына жаңа мүшелер тартуына бағытталған. Жасыратыны жоқ, бұл әрекеттер әсіресе жастарға бағытталған. Қазақстанда болған Террористік актілерді талдау нәтижелері бойынша террористердің 55 пайызы — 29 жасқа дейінгі адамдар, 35 пайызы 30-дан 39 жасқа дейінгі адамдар, ал 10 пайызы 40 жастан асқан адамдар екендігі анықталды. Жастардың деструктивті ағымдардың ықпалына кету себептеріне әлеуметтік-экономикалық проблемалардың болуы, әлеуметтік әділетсіздік сезімі, өмірлік тәжірибенің болмауы, сыни қабылдау қабілетінің төмендігі, жеке тұлғаның қалыптасуындағы психологиялық проблемалар әсер етеді. Атап айтқанда, экстремистік идеялармен уланған кәмелетке толмаған жасөспірімдердің пайда болуы қоғамда діни ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізуді және әлеуметтік желілерде экстремистік және террористік және діни-радикалды мазмұндағы материалдардың таралуының алдын алу мақсатында дінтану сараптамасын жүргізу арқылы оны тежеудің оңтайлы тетіктерін қалыптастыруды талап етеді. Егер діни тақырыптар бойынша Интернеттің ішкі сегментіндегі қауымдастықтардың саны мен ерекшелігі туралы айтатын болсақ, онда Вконтакте және Facebook сияқты әлеуметтік желілердегі ең белсенді қауымдастықтар дәстүрлі емес ислам идеологиясының 70% және дәстүрлі исламның 30% құрайды. Діни экстремизм мен терроризм қаупі туралы хабардар болу, дін саласындағы проблемаларды неғұрлым терең түсіну, экстремистік нарративтерге қарсы іс-қимыл, сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу әдістерін енгізу кезінде ескеріледі. Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу проблемасы, ең алдымен, әрбір отбасының, қоғам мен мемлекеттің жауапкершілігі шеңберінде қаралады. Азаматтық қоғамдастықтың мемлекеттік органдармен осы бағыттағы бірлескен жұмысы елеулі табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қоғамның түрлі топтары арасында діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған жаңа тәсілдер мен технологияларға сұраныс пен талаптар өсуде. Осыған байланысты, Интернет-кеңістікте әлеуметтік желілерді пайдаланатын жастардың рухани қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында зайырлы өмір салтының құндылықтарын, Қазақстан халқының ұлттық рухани дәстүрлерін және конфессияаралық келісімді насихаттау өте маңызды. Діни экстремизм мен фундаментализмнің таралуына кедергі келтіруі мүмкін тетіктерді жетілдіру қажет. Біз болашағы зор, жаһандық көшбасшы, білімді, жігерлі, жаһандық нарықта бағасы мен сапасы жағынан неғұрлым тиімді нәрсе ұсынуға қабілетті біртұтас халық ретінде бәсекеге қабілетті ел болуға ұмтыламыз.
«Шапағат» деструктивті
діни ағымдардан жапа шеккендерге
көмек орталығы» қоғамдық қоры теологы Сақан Дастан Дарханұлы