Жаңалықтар

Тұрғындармен өткен кездесуде дін мен дәстүр сабақтастығы талқыланды

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі құндылқтарды насихаттау мақсатында Дамбы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті.

          Кездесуге психолог-практик, «Психоаналитикалық психотерапия қауымдастығы» және «Кәсіби психологиялық лигасы» кәсіби мекемелерінің маманы М.Букашова, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы М.Омаров қатысып, тақырып аясында сөз сөйледі.

          «Шапағат» қоғамдық қорының теологы М.Омаров өз сөзінде: «Әр халықтың өзіне тән, қоғам дамуына сай ерекшеліктері болады. Мәселен, еліміздің ұлан-байтақ жерді алып жатуының өзі ғасырлар бойы халқымыздың бойындағы, батырлық пен ерлік дәстүрін тудырған. Қазақ – ұлттық дәстүрге ерекше мән беретін халық. Дәстүр – ұлтты рухани жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттар. Дін мен дәстүр – қашанда бір-бірімен сабақтас ұғым. Екеуі егіз тақырып десек те болғандай. Дін бар жерде дәстүр, дәстүр бар жерде дін бар» -дей келе, тақырып аясындағы өз ойын жеткізді.

          Шара соңы қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға ұласып, толыққанды жауаптарын алды.

0

Автор публикации

не в сети 4 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля